Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу талқыланды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын талқылау бойынша онлайн режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорнының өңірлік филиалының басшы құрамына лауазымды тұлғаның өзінің қызметтік міндеттерін жүзеге асырғаны үшін заңсыз сыйақы алуға бағытталған заңсыз іс-әрекеттері бойынша қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді. Кейіннен лауазымды тұлға өз ниетінен бас тартты.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша тиісті жұмысты ұйымдастыру, бағынышты қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту, сондай-ақ ҚР заңнамасын бұзуға жол берген кінәлі адамдарға тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдау ұсынылды.

Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Арман Рахимов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалық өзгерістер және азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі туралы хабардар етті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру кезінде сапалы тәсіл қажет екенін атап өтті.

«Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қарағанда аз көңіл бөлінбейді. Мұны соңғы бірнеше жылда қабылданған бірқатар заңнамалық түзетулер дәлелдейді. Осы тұрғыда, осы сектор қызметінің ашықтығын, айқындығын және есептілігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажет. Сіздерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, сатылмаушылықты сақтауға, сондай — ақ азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне қызмет етуге шақырамын», — деді Арман Рахимов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар