Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Эксклюзивті VS Жалған - АРҚА АЖАРЫ

Эксклюзивті VS Жалған

IT технологияларды қолдану аясының кеңеюімен қатар халықтың ақшасын рұқсатсыз алу үшін алаяқтық схемалар да жетіліп келеді. Бұл ретте  психологиялық әдістер, адамдарға жиі қайталаудан және шешім қабылдауға уақытты шектеуден бастап қорқытуға дейінгі айла-шарғы қолданады.

Қаржы алаяқтардың арбауына қалай түсіп қалау керектігін Fingramota.kz еске салады.

Төмен бағамен тиімді ұсыныс

Соңғы уақытта ТМД елдерінде тарала бастаған алаяқтықтың түрі — бұл барлық қаражатты «тып-типыл» етіп алып алу немесе банктік шотта ақша қалдырмау әдісі.

Бұл қалай болады? Көптеген маркетологтар алдын орап алатын жарнаманы немесе «ретаргетингті» дұрыс атауды қолданады. Мұндай жарнама пайдаланушылар үшін алдыңғы іздеулер негізінде пайда болады. Мысалы, егер сіз жақында туристік жолдамаларды іздеген болсаңыз, онда осы мәліметтерге сәйкес іздеу жүйесі «алдын орап алатын жарнаманы» ұсынады, яғни сіз әлеуметтік желілерге немесе басқа сайттарға кірген кезде туристік бағыттардағы ұқсас жарнаманы кездестіретін боласыз.

Мұны қаскөйлер жарнаманы эксклюзивті және шектеулі ұсыныстармен орналастыру арқылы қолданады. Алаяқтар онлайн сервистер сияқтанған фишинг сайтты, мысалы, туржолдамаларды немесе билеттерді сату бойынша сайтты пайдаланады. Бұл схемада жаңа нәрсе – бұл  банк картасының деректемелерін енгізгеннен кейін билеттің орнына сіз алаяқтық сайтқа жазылым сатып аласыз. Содан кейін қаскөйлер шоттан ақшаны бірнеше секундтық үзіліспен аз мөлшерде, «шотты толығымен тазарту» дейін шығара бастайды.

Интернет-алаяқтарға тап болмас үшін әрдайым URL мекенжайларын мұқият тексеріп, расталған сертификаты бар қауіпсіз қосылуды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз. Браузердің мекенжай жолында URL алдында құлып белгішесі болуы керек. Ол сайттың әдеттегі http орнына қорғалған https қосылуын пайдаланатынын білдіреді. Цифрлардан тұратын, мысалы: http://66.102.7.104@65465.51456jD% URL бар дүкендерге сенбеңіз, бұл алаяқтар болуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ киберқауіпсіздік мамандары онлайн төлем жүргізу үшін жеке төлем карточкасын ашуды және оны төлем жасау үшін қажетті сомамен ғана толықтыруды ұсынады.

 Ірі жүлделердің ұтыс ойыны

Ірі сауда орталықтарының, дүкендердің жанында, жанармай құю станцияларының жанында компания өкілдері отбасылық жолдамалар немесе ірі жүлделер ұтысына қатысу үшін пікіртерімге қатысуды ұсынады. Бір аптадан кейін осы компанияның өкілдері сізбен хабарласады және сауалнама нәтижелері бойынша сіз әлеуетті жеңімпаздардың қатарына кіргеніңізді қуана хабарлайды. Финалдық ұтыс ойыны үшін Сіз аталған мекенжайға жұбайыңызбен/зайыбыңызбен баруыңыз керек, Сіз бас жүлдені жеңіп алмасаңыз да, қатысушы ретінде Сіз міндетті түрде ынталандыру сыйлығын аласыз.

Бұдан әрі, компания ұсынылатын қызметтердің тұсаукесерін өткізеді және ұтыстың қорытындысын шығарады. Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылардың әрқайсысын конкурс ЖЕҢІМПАЗЫ деп атайды.

Ұйымдастырушылар нұсқама өткізіп, жолдаманың жалпы құнының 20%-ын ғана енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Айта кету керек, олардың айтуынша, бұдан кейін сіз бір жылдың ішінде өз жүлдеңізді пайдаланып, компания ұсынған тізімдегі кез келген мемлекетке бара аласыз.

Осы соманы енгізгеннен кейін сізге сертификат береді, алайда сіз оны пайдаланғыңыз келген сәтте бұл компания өз қызметін тоқтатқан болып шығады.

Алаяқтықтың мұндай сызбасына ілікпеу үшін сіз өз демалысыңызды сеніп тапсырғыңыз келіп тұрған туристік компания ҚР Турагенттерінің бірыңғай тізілімінде тіркелген бе, соны тексеріңіз. Жүлделер ұтысына қатысқыңыз келетін компания туралы пікірлерді тек қана оның сайтынан емес, басқа да сайттар мен интернет-форумдардан, сондай-ақ әлеуметтік желілерден оқып отырыңыз. Өкпелеген әрі наразы пікір саны көп болса, демек бұл ойланатын нәрсе.

 Жеңіл әрі қолжетімді түрде инвестиция жасаңыз

Көптеген адамдар инвестиция жасауды бастағысы келеді, бірақ неден бастарын білмейді. Ең бастысы, алаяқтарды шынайы кәсіби брокерлерден ажыратуды үйрену қажет.

Қаскөйлер бастаушы инвесторларға жиі қолжетімді қызмет көрсету мен аса жоғары табысты ұсынады. Олар онлайн инвестиция жасап, жылдам табысқа жетуді уәде ететін жалған брокерлік сайттар құрастырады. Бұл үшін сізге бар болғаны сайтқа тіркелу қажет. Тіркелгеннен кейін сізге жалған маман қоңырау шалып, ыңғайлы болуы үшін қосымша жүктеп, соның көмегімен өз болашақ табыстарыңыз бен операцияларыңызды қарап отыруға болады.

Әр түрлі сылтаулармен алаяқтар үнемі бір соманы төлеуді сұрайды. Олар әр түрлі қулықтарды қолдануы мүмкін: акцияларды, валюта қоржындарын сатып алуды немесе сатуды, қосымша жарналарды төлеуді және т.б. ұсынады.

Брокердің алаяқ емес, нағыз брокер екенін және оның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екенін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында тексеруге болады. Қаржы реттеушінің интернет-ресурсында көрсетілген брокердің барлық деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.

Өзіңізді қаржылық алаяқтардан қалай қорғауға болады:

  • Сенуге болатын, ресми көздерден алынған антивирустық бағдарламаларды қолданыңыз.
  • Фишингті тани біліңіз. Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және тіркелген файлдарды белгісіз көздерден жүктемеңіз, себебі вирус архивте болуы мүмкін.
  • Шот бойынша барлық операцияларды бақылау үшін мобильді банк пен SMS-хабарландыруды қосыңыз. Осылайша сіз алаяқтардың іс-қимылына жедел әрекет жасай аласыз — ал бұл жағдайда уақыт өте маңызды.
  • Барлық операцияларды бақылау үшін мобильді банктік қосымшалар үшін SMS немесе PUSH хабарландыруларын орнатыңыз.
  • Картада үлкен ақша сомасын сақтамаңыз. Онлайн төлем қажет болған жағдайда сатып алу үшін жеке төлем немесе виртуалды картаны ашқан дұрыс.
  • Қаржы реттеушісінің ресми сайтында қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуын міндетті түрде тексеріңіз.

  Өзіңізді, ақшаңызды сақтаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды www.fingramota.kz!-пен бірге арттырыңыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар