Көкшетауда синтетикалық есірткі сақтағандар ұсталды

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері героиннің синтетикалық апиынын сақтаған жастарды қолға түсірді.

«Акция барысында полиция қызметкерлері қалалық базар аумағында күдік тудырған облыс орталығының 25 жастағы тұрғынын тоқтатты. Тінту барысында одан 10 таблетка героиннің синтетикалық апиыны табылды. Сол күні Көкшетау қаласында 25 жастағы ер адам ұсталды, одан да 10 таблетка тәркіленді. Күдіктілердің екеуі де үйіне кіреберіс жерден тауып алғанын айтты», – деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар