«Ұшқыр ой алаңы» облыстық дебат турнирінің жеңімпаздары aнықталды

2022 жылғы 3-4 ақпанда Ақмола облысының мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» облыстық дебат турнирі өткізілді.

Турнирге Ақмола облысының 15 ауданынан, 3 қаласынан барлығы 44 команда, олардың құрамында 88 бала қатысты.

Турнир американдық парламенттік формат бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды.
Турнир қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаздар мен үздік спикерлерді анықтады.

Қазақ лигасында:
1 орын –«Әділет» тобы, Аққөл ауданы, Еңбек ауылы С.Нұрмағамбетов атындағы мектеп-балабақшасы;
2 орын –«Ашық айтамыз» тобы, «Bolashaq Saraiy»;
3 орын –«Ұшқыр ой алаңы» тобы, Бурабай ауданы Оқжетпес орта мектебі.

Орыс лигасында:
1 орын – «New time» тобы, Көкшетау қ. «Bolashaq Saraiy»;
2 орын – «Астрея» тобы, Көкшетау қ.;
3 орын – «Y.E.S.» тобы, Степногорск қ. Абай ат. №6 мектеп-гимназиясы
«Үздік фракция» номинациясын «Саналы қыздар» (Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернаты) және «Болашақ» командалары (Көкшетау қ. «Bolashaq Saraiy» иеленді.

«Үйлесімді фракция» номинациясы «Адал» (Жақсы ауданы) және «Столпы» (Степногорск қаласы №4 «Болашақ» ДБАОММИ) командаларына берілді.

«Үздік спикер» номинациясын «Жас Алаш» (Степногорск қаласы №4 «Болашақ» ДБАОММИ) командасының мүшесі Сембиев Даут пен «Астрея» командасының мүшесі Заруцкая Александра иеленді.

«Жас Алаш» (Степногорск қаласы №4 «Болашақ» ДБАОММИ) командасының мүшесі Сағайқызы Дилназ бен «Астрея» командасының спикері Жакимова Гауһар «Үздік оратор» атанды.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, үздік спикерлер – дипломдармен, команда жаттықтырушылары – алғыс хаттармен марапатталады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар