Ақмола облысында 82 жастағы қарияны алдап кеткен алаяқтар ұсталды

Билығы жылдың 28 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына 82 жастағы жергілікті тұрғынан арыз түсті. Зейнеткер полицияға белгісіз екі әйелге алданып қалғанын айтты. Шығын сомасы 102 мың 500 теңгені құрады.

Күндіз жеке секторда тұратын жалғыз басты зейнеткерге бейтаныс әйелдер келгені анықталды. Қаскүнемдер жәбірленушіге жалған ақша беріп, алты бұйымдары мен ақшасын  үптеп кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкшетау қаласының ПБ жедел қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Күдіктілер Көкшетау қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының 43 және 58 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар