Құбырлар тозғандықтан, көп істен шығады

«Көкшетау Су Арнасы» мекемесінің басшысы Ермек Өмірғалиев өңірлік коммуникация қызметі алаңына келіп, баспасөз құралдары өкілдеріне Көкшетау қаласы су желісінің бүгінгі жай-күйі, өткен жылы атқарылған жұмыстар, биыл алға қойылған міндеттер туралы айтып берді.

Қала су желісінің негізінен тозығы жеткені, оларды толықтай жаңғырту қажеттігі туралы мәселе көтеріліп келе жатқанына біраз болды. Оның-есеп қисабы шығарылып, қала, облыс әкімшіліктеріне ұсыныстар жасалған. Жүйенің ескілігі салдарынан «Көкшетау Су Арнасы» атқарар шаруа да ылғи шаш-етектен болып отыр. Мәселен, 2021 жылы 67 су желісінің жарылуы орын алып, олар қалпына келтірілді. 576 жерде тұрбалар ақауы жөнделді. Канализация жүйесі де екі мәрте жарылып, 6 156 рет кептеліс болып, тынымсыз жұмыстар арқылы ретке келтірілді. Су, канализация желілерінің 44 жеріне сүзгі-бағыттағыш арматуралар орнатылды. 478 колонка жөнделіп, бірқатары ауыстырылды. Қаладағы желілер бойындағы 354 құдық тазаланды.

Көкшетау қаласы, оған қарасты Станционный, Краснояр кенттеріндегі 4098, 2 метр болатын су желісі, 675 метр канализация желісі ауыстырылды. Несиелік қарыз 412 миллион теңгеден 247 миллион теңгеге азайды.

Жұмыс сапасы және өніктілігі үшін бюджеттен бөлінген қаражатқа 64 миллион 547 мың теңгеге траншеялар қазбастан жер астына тұрбалар төсейтін «ХСМG» ГНБ қондырғысы, 41 миллион 552 мың теңгеге КамАЗ көлігіне орнатылған канал тазалағыш техника алынды. Сол сияқты, үнемделген қаржыға «Газель-Некст» жүк-жолаушы тасымалдаушы көлігін, «Көкшетау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаражатына Шағалалы су қоймасынан үзіліссіз сумен қамтамасыз ету үшін «Ebara» агрегатын, өз қаражатымызға «Посейдон» қондырғысы мен телеинспекция жабдықтарын алдық, – деді Ермек Қайдарұлы.

Иә, мұндай қуатты техникалар мен жабдықтар қашанда сапалы жұмыс кепілі. Сондықтан, бүкіл облыс орталығын ауыз сумен қамтамасыз ететін байырғы кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы неғұрлым нығайтыла түсетін болса, жұмысы да солғұрлым нәтижелі болары анық.

Серік Сапарұлы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар