Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағы бірнеше ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайды - АРҚА АЖАРЫ

Тағы бірнеше ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлайды

Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEEO) бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Бас конференциясының шеңберінде белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған бұл кәсіби мереке биылғы жылы 3 ақпанға сәйкес келді.

Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар осы атаулы күнді белгілей отырып, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатын көздейді. Ол – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру мәселелері.

Бүгінде Ақмола облысында 739 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 21 аумақтық және 718 учаскелік сайлау комиссиялары бар. Оларда 4323 комиссия мүшесі бар болса, оның 42-сі кәсіби тұрақты негізде жұмыс істейтін аумақтық сайлау комиссияларының қызметкерлері.

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар мен сайлау комиссиялары. Олардың біртұтас жүйесін республикалық Орталық сайлау комиссиясы, аумақтық сайлау комиссиялары, учаскелік сайлау комиссиялары құрайды. Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі – бес жыл.

Жалпы, сайлау жүйесі ұғымы әдетте тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынадағы сайлау жүйесі дегеніміз – Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, тағы басқалары жатады. Ал, тap мағынадағы сайлау жүйесі дегеніміз – сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі.

Сайлау комиссияларының мүшелері мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады және олар мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар: ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау, жалпы, ел таныған әдеп нормаларын сақтау, азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу, кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу және олар аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.

Елімізде 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Сенаты депутаттарының, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы болып өтті. Сондай-ақ, 2021 жылы аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар және ауыл әкімдеріне 239 әкімнің 99-ына (41,2 пайыз), оның ішінде 25 шілдеде – 95, 26 қыркүйекте – 4-еуіне тікелей сайлау өткізілді. 99 әкімнің 67-сіне (67,7 пайыз) өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты және 32-сіне (32,3 пайыз) өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлау өтті. Әкімдікке 335 кандидат ұсынылса, оның 106-сы (31,6 пайызы) – саяси партиялардан ұсынылды, 229-ы (68,4 пайызы) – өзін-өзі ұсыну арқылы дауысқа түсті.

Тіркеу нәтижесінде бюллетеньдерге 99 сайлау округі бойынша 301 кандидат енгізілді. Сайланған әкімдердің 83-і немесе 83,8 пайызы саяси партиялардан ұсынылды. Олардың 76-сы «Nur Otan» партиясынан (76,8 пайыз) болса, үшеуі Қазақстан халық партиясынан, екеуі «Ақ жол», бір-бірден «Ауыл» және «АДАЛ» партияларынан болды. 16-сы өзін-өзі ұсынғандар.

Мемлекеттік қызмет саласынан барлығы 66 (66,7 пайыз) әкім сайланды. Тағы 15-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, үшеуі коммерциялық құрылымдардың өкілдері. Сондай-ақ, 16 әйел әкім болып сайланды.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,8 жас болса, ең жас әкім 29 жастағы Атбасар ауданының Макеев ауылдық округінің әкімі А.М.Ахмедьянов, ал, ең үлкені Ерейментау ауданының Бостал ауылының әкімі Қ.С.Мұқанов 62 жаста.

Қазіргі уақытта Бұланды ауданының Капитоновка, Біржан сал ауданының Макин, Сандықтау ауданының Каменка, Целиноград ауданының Жарлыкөл ауылдық округтері мен 6 аудандық маңызы бар қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын әзірлеу

және оны өткізу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Бұл сайлау 2022 жылғы 20 ақпанға жоспарланған, оған 15 елді мекеннен 10336 сайлаушы мен 7 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиялары қатысады.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңындағы өзгерістер бойынша біршама ұсыныстар енгізілуде.

Манарбек СӘДУОВ,

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар