Тәжірибе алмасып, біліктілігімізді арттырдық

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында осы жылдың қаңтар айының аяғы мен ақпанның басында мектепке дейінгі ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын жаңарту аясында мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаушысының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында онлайн режимінде ZOOM платформасында педагогикалық оқу курсы болып өтті.

Аталмыш курсты аға оқытушы, тренер Жаңылсын Өтегенқызы Жалмұханова өткізді. Курс өте мазмұнды әрі тағылымға толы болды. Осы қысқа мерзімде курс барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, оффлайн режимінде электрондық почта арқылы кері байланыс жасап отырдық.

Өз ісінің білгір маманы Жаңылсын Өтегенқызы жаңа заман талабына сай 4К моделі педагогикалық топтың кәсіби дамуында сыни ойлауды дамыту әдістерін қолдану сияқты көптеген жаңа білім беру ресурстарымен таныстырды. Тарқатып айтар болсам, «Lamboard, Linoit, Google forms» сияқты онлайн тақталарымен жұмыс жүргізу әдістерін үйретті. Біз осы әдістердің ата-аналармен және педагогтермен жұмыс істеуге өте тиімді екеніне көз жеткіздік. Мұны болашақта мен де өз тәжірибемде қолданатын боламын. Сонымен қатар, «Мектепке дейінгі ұйымда дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында вебинар болып өтті. Дене шынықтыру нұсқаушылары өз іс-тәжірибесімен белсене бөлісті.

Келешекте мектепке дейінгі ұйымдармен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» арасында үздіксіз байланыс орнатылып, дене шынықтыру нұсқаушылары біліктіліктерін жетілдіріп отырса, бұл кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмысымыздан қол үзбей білімімізді шыңдауға осындай зор мүмкіндік туғызған және бізге жетекшілік жасап, ақыл-кеңесімен, іс-тәжірибесімен бөліскен Жаңылсын Өтегенқызы Жалмұхановаға алғысымды білдіріп, жаңа жетістіктерге жетіп, абырой биігінен көріне беріңіз дегім келеді.

Айгүл МӘДИЕВА,
Көкшетау қаласындағы «Арман» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар