Мәжіліс депутаттары Қосшы қаласында болды

Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері Целиноград ауданының Қосшы қаласында болып, оның алдағы әлеуметтік-экномикалық дамуымен танысты. Шаһардағы құрылыс қарқынын бағамдап, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Ағымдағы жылғы 18 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – «Nur Otan» партиясы Фракциясының мүшелері Мәди Сағынтайұлы Елубаев пен Юлия Владимировна Кучинская ең алдымен «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындаудың Жол картасын іске асыру мониторингі шеңберінде Қосшы қаласында салынып жатқан 1200 орынға шақталған мектептің құрылыс барысымен танысты.

Құрылысы 2019 жылы басталған мектеп өз мерзімінен жарты жылға жуық уақыт кешіктіріліп тапсырылмақ. Себебі, құрылыс материалдарының қымбаттауы салдарынан жобалық-сметалық құжатты қайта түзету қажет болды. Уақыт оздырып алған мердігер енді мектепті наурыздың аяғында пайдалануға бермек. Бүгінде мектепке ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Фракция депутаттарының айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттау мәелесі бүгінде өзекті. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемдік нарықта да орын алады, бұл сыртқы экономикалық себептерге байланысты.

Бүгінде жас қалада бүгінде құрылыс қарқыны жаман емес. Қосшы қаласында қазірдің өзінде 3 бірдей мектептің құрылысы жүруде. Әрқайсысы 1200 орындық. Оның екеуі биыл тапсырылады деп жоспарланса, 3-ші мектеп 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтіледі. Сөйтіп, 3600 орындықтық 3 мектептің пайдалануға берілуі 3 ауысымда білім беретін нысандардың проблемасын толыққанды шешуге ықпал етпек.

Халық қалаулылары сондай-ақ бір ауысымда 100 келушіні қабылдауға қауқарлы жаңа емхананың құрлысымен танысты. Халық қалаулылары аталған объектілерді уақытында тапсырылуын бақылауда ұстау қажеттігін алға тартты.

Мәжілісмендер жергілікті тұрғындармен кездесу мақсатында Қосшы қаласының проблемалық мәселелері бар шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті. «Diamond park” тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлерін заңдастыру мәселесін көтерді. Айта кетейік,  аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйдің құжаттарын қолдарына ала алмай отыр. Құрылыс компаниясы мен жер иесінің өзара келіспеушілігінің салдарынан, қарапайым тұрғындар зардап шегуде.

Қосшы тұрғындары сондай-ақ, үздігіп берілетін ауыз су мәселесін көтерді. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің айтуынша, қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесінің тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Нижне-Романовка кен орнынан Қосшы қаласына дейін су тарту құрылыстары мен су тартқыштың құрылысы аяқталуда. Сондай-ақ Қаражар ауылының сорғы станциясынан Қосшы қаласына дейін су тартқыштың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Демек, жыл соңына дейін қосшылықтарға су үздіксіз берілетін болады деп күтіледі.

Халық қалаулылары бірқатар әлеуметтік және құрылыс нысандарында, өндірістік кәсіпорындарында болумен қатар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Қоғамның үнін естіп, халықтың тілін түсіну және дер кезінде шаралар қабылдау – кез келген келеңсіздіктің алдын алудың негізгі алғышарты. Сондықтан осы жолы Мәжіліс депутаттарының Ақмола олысына сапары 10 күнге жоспарланған. Іссапар барысында ақмолалықтарды толғандыратын өзекті де түйінді мәселелерді талқылауға және Сайлауалды бағдарламасын жергілікті жерлерде іске асыру сапасын талдауға ерекше назар аударатын болады. Нұротандық депутаттар облыстық маңызы бар Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалалары мен аудан орталықтарына ғана емес, облыстың 15 ауданында болып, шалғай елді мекендеріне де барады. Өңірдің өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыру үшін кәсіпорындардың, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып, кездесулер жоспарланған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар