«Лорикет» жас экскурсоводтар клубының ашылуы

Жыл сайын 21 ақпанда әлемде Дүниежүзілік экскурсовод күні атап өтіледі. Аталмыш күн экскурсоводтар қауымдастығының дүниежүзілік федерациясымен экскурсоводтар жұмысының маңыздылығы туралы жұртшылықтың хабардар болуын арттыру мақсатында құрылған болатын.

Экскурсовод күні көптеген музейлерде жаңа экскурсиялық алаңдар ашылады.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде 21 ақпан күні тұңғыш «Лорикет» экскурсоводтар клубы өз жұмысын бастады. Дәл осы күні жас гидтерді арнау іс-шарасының өтуі символдық мәнге ие. Бұл іс-шара қатысушыларды жаңа білім атмосферасына ендіруге, мамандықтың нюанстарымен таныстыру, достық және көңілді көңіл-күй қалыптастыру және клубқа қатысуға қызығушылықты оятуға бағытталады.

Музей ісіне, өлкетану, жәдігерлер және экскурсовод дағдыларына байланысты дайындалған тапсырмалар қатысушыларды ерекше сынақтар күтетін станциялар түрінде ұсынылды.

Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ жетекші музей экскурсоводтары  Антипова Вероника, Ташенова Айра, Ақкушқарова Гүлден, Каримова Айданаға құрмет грамоталары табысталды.

Айта кететін жәйт, «Лорикет» экскурсоводтар клубы, екі кезеңде жұмыс атқарады: балалар (мектеп оқушылары) және жасөспірімдер (студенттер және жұмысшы жастар) топтары. Клуб өз жұмысын бір жыл атқарады, соңында қатысушылармен емтихан тапсырылып, арнайы сертификаттар табысталады. Алдағы жылдар экскурсоводтар клубы өз жұмысын жалғастыра береді.

Іс-шараға Көкшетау қаласының жас экскурсоводтары, АОТӨМ мамандары мен ғылыми қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар