Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Жастар – ел болашағы.  Сондықтан да, оларға көмек беріп, дұрыс жолды нұсқау аса маңызды. Осыған орай6 Көкшетауда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұндай тәжірибе еліміздің өзге облыстарында да бұрыннан қалыптасқан көрінеді.

 Жастарға қызмет көрсету орталығы бірнеше бағытты қамтиды. Онда жастардың баспаналы болуына арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар туралы және қаладағы бос жұмыс орындары жайлы ақпарат алуға болады. Барлық көмек көрсету түрлері тегін. Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәнсия Есекеева:

–Бұл қызмет көрсету алаңында біз жастарға әртүрлі кеңес береміз. Жастар ресурстық орталығы жұмыспен қамту бойынша заңгерлік және психологиялық көмектерді тұрақты түрде көрсететін болады. Сондай-ақ, қосымша тұрғын үй жинақ банкінің, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері келіп, осы жерде жастарға түрлі консультациялар өткізетін болады, – деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Қазақ жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Гүлзада Қожамұратова орталыққа мамандығы бойынша жұмыс іздеп келді. Ол оқу бітіргелі жүрген студент жастарды әрдайым «қайда барамын? қайдан жұмыс табамын?» деген сұрақтар мазалайтынын алға тартып, мұндай тегін кеңес беру алаңы олар үшін үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

–Облыс орталығында жастарға арналған осындай консультациялық орталықтың ашылғаны өте жақсы. Мысалы,  жастардың жұмыспен қамту орталығына бармай, осында келіп-ақ мамандардан бос орындар туралы кеңес, бағыт-бағдар алуымызға болады, –дейді орталықтың ашылуына келгендердің бірі – дейді Гүлзада.

Кеңес беру алаңында жастарды мазалаған кез-келген сұраққа жауап алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталмыш орталықта жедел желі де жұмыс істейді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар