Базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін арттыру туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы шараларының теріс сценарийі мен жоспарлары шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі геосаяси жағдайдың айтарлықтай нашарлауы кезінде сыртқы сектор тарапынан тəуекелдердің іске асырылуына байланысты қарастырылған баға тұрақтылығын қолдау қажеттігіне негізделген базалық мөлшерлеме деңгейі жөнінде кезектен тыс шешім қабылдады.

2022 жылғы 24 ақпаннан бастап базалық мөлшерлеме +/- 1 п.т. пайыздық дəлізімен жылдық 13,5% деңгейінде белгіленді. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 14,5% жəне өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 12,5% болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы күтпеген өзгерістер салдарының таралуының алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жəне теңгедегі активтерді қорғауға бағытталған. Екінші деңгейдегі банктер ақшакредит саясаты құралдарының шеңберінде қажетті өтімділікпен қамтамасыз етілуде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шамадан тыс құбылмалылық орын алған кезде валюталық интервенциялар жүргізу құқығын сақтай отырып, теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануын жалғастырады. Маңыздылығы сыртқы сектор тарапынан тəуекелдерді іске асыру аясында өскен теңгенің икемді бағамы алтынвалюта активтерінің сақталуын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 24 ақпанда сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 104 миллион АҚШ доллары сомасына валюталық интервенция жүргізді. Осы аптада валюталық интервенция 137 миллион АҚШ долларын құрады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп іске асыратын халықтың теңгедегі депозиттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.

Ұлттық Банк ішкі ақша жəне валюта нарықтарындағы жағдайға, сондай-ақ əлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізеді жəне қажет болған кезде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайды.

Казақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлеме жөніндегі кезекті шешімі 2022 жылғы 9 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 15:00-де жарияланатын болады.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар