Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сахна сәні – жас батырлар - АРҚА АЖАРЫ

Сахна сәні – жас батырлар

 Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы  мен балалар жылы аясында  «Көкшетау» мәдениет сарайында 5-6 сынып оқушылары арасында «Жас батыр — 2022» қалалық байқауы болып өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сайыстың негізгі мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойында адами абзал қасиеттермен қатар, қазақи тәрбиені сіңіру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және балалардың актерлік шеберліктерін шыңдау болып табылады.

Байқауға Көкшетау қаласындағы білім ошақтарынан барлығы 12 бала қатысты.  Үш кезеңнен тұратын өнер сайысында олар алдымен өз-өзін таныстырса, екінші кезеңде «Өзі де, өмірі де үлгі» деген тақырыпта Мұхтар Әуезовтың шығармаларынан театрландырылған көрініс көрсетті, «Жігітке жеті өнер де аз» демекші,  үшінші кезеңде әрқайсысы өз өнерлерін ортаға салды.  Атап өтерлігі, байқауға қатысушылардың барлығы дерлік  мектеп үздіктері, республикалық деңгейдегі байқау жеңімпаздары. Яғни, бәрі де сайдың тасындай іріктелген, кіл жүйріктер. Оқушы балалардың өздерімен тілдесе қалсаң, олардың барлығы бірауыздан «Жас батыр» атағына лайық болу үшін біліммен қоса, өнерлі, намысты болу керек дегенді айтады. Шынымен де, қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне аса мән берген халық. Әсіресе, ер баласын мұрагерім деп, оның бойында білім мен өнер ұштасқанын қалайтыны бар. Себебі, бүгінгі балдырған, ертеңгі бозбала, болашақ шаңырақ иесі, ел тұтқасын ұстайтын азамат. Содан да болар, жасынан өнерге, білімге, жалпы білмекке ұмтылған ұландардың қашанда бәсі жоғары.

Сахнада жасындай жарқыраған жас өрендер осы байқауға үлкен ыжһаттылықпен дайындалғандықтарын аңғарта білді. Әрине, осындай өнерге ынтызар өрендердің табиғи талантын сарапқа салу оңа болмағаны да анық. Тіл мамандары, өнерпаздар, театр актерлерінен тұратын қазылар алқасының шешімімен үш үшінші, екі екінші және жүлделі бірінші орын тағайындалды. Атап айтсақ, ІII дәрежелі дипломмен марапатталғандар арасында Ілияс Ақан(гуманитарлық-техникалық лицейі), Әділ Тілеу (№21 мектеп-лицейі), Нұрахан Шайкен ( №18 мектеп-лицейі) болса, жүлделі екінші орындардан Әбілмансұр Болат ( №6 мектеп-лицейі), Нұржас Көпен (Мәлік Габдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясы) көрінді. Ал, «Жас батыр» байқауының жеңімпазы атанған  Назарбаев Зияткерлік мектебінің 6 сынып оқушысы Арлан Аман I дәрежелі дипломмен   марапатталды.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар