Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына ұжымның қатысуымен үкім жарияланды

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен Көкшетау қалалық сотының онлайн отырысы өтті. Онда облыстық Мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының лауазымды тұлғасына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдары туралы мемлекеттік қызметшілердің санасына әсер ету және қайта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу мақсатында сотталушының әріптестері онлайн режимінде сот процесін бақылады.

Отырыс соңында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Еркін Рашидов сөз сөйлеу барысында мемлекеттік мекеме ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының маңызды нормалары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының бағыттары және жобалық басқару тәсілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі туралы хабардар ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, парасаттылық қағидаттарын және этикалық нормаларды мүлтіксіз сақтауға шақырды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар