Ақмолалық боксшылар халықаралық турнирде жеңіске жетті

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Ақтөбе қаласында бокстан 2004-2005 жылдары туған жастар арасында ҚР спорт шебері Андрей Еськинді еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды.

Тартысты өткен жарыста ақмолалық былғары қолғап шеберелері командалық есепте қоржынға түрлі деңгейдегі төрт медаль салды. Оның ішінде Виктор Литвинов (75 кг) және Валерий Грызлов (80 кг) чемпион атанса, 63 кг салмақта Рахымжан Әли екінші, 69 кг салмақта Мағажан Әлімов үшінші орын иеленді.

Ал, Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Бақтияр Тұрғынбаев турнирдің үздік жаттықтырушысы атанды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар