8-9 наурызда Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 9-11 сынып оқушыларына арналған математикадан XXI Халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті.
Аталған білім сайысына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан 10 елдің оқушылары қатысты.
Өткен жылдан бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде Түркия елінен осы міндеттерді қабылдай отырып, математикадан XXI халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының үйлестіруші елі болып табылады.
Осы олимпиадаға Қазақстан бойынша 136 оқушы қатысты. Олар республикалық олимпиаданың облыстық және қорытынды кезеңдерінің, сондай-ақ «Математика» пәні бойынша 2020-2021 оқу жылының 7-8 сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Алматы қаласында өткізілген халықаралық математикалық олимпиадада Ақмола облысының намысын 4 оқушы қорғап, Бахытбек Ахмедияр ІІІ орын алды.