Қауіп-қатері мол жұмыстағы қос құрбы

Степногроск электр жүйесінің бөлімшесі «Көкшетау Энерго» жауапкершілі шектеулі серіктестігінде Алина Чулакова, Мария Поздеева сынды қос құрбы қызмет істейді. Олар алғаш Степногорскінің №2 құрылыс-техникалық колледжіне оқуға түскен жылы, салтанатты линейкада танысып, бір-біріне бауыр басып кеткен еді. Электрожөндеушілер тобында екеуі бірге оқыды. Содан бері жұптары жазылған жоқ. Биыл достықтарына 10 жыл толады.

Алина мен Марияның «Ақсу» 35/6 кВ подстанциясында электромонтер болып жұмыс істеп жүргендеріне 6 жылдан астам уақыт өтті. Қыздар желі істен шығып, технологиялық ақаулар орын алса, оларды қиындықсыз, тез жөндеп, ретке келтіреді. Желіні шұғыл іске қосу режиміне ауыстырып, ақауды жөндеуге келген бригаданың жұмысын қауіпсіздендіреді.

Бұл кәсіпорынға келгенге дейін Алина өз мамандығы бойынша жергілікті саңырауқұлақ өсіру шаруашылығында, Мария Степногорск жылу-электр орталығында жұмыс істеп, тәжірибелерін толықтырған. Олар одан әрі күрделірек жұмыстарды атқаруды  және бірге жұмыс жасауды ойлайды. Сөйтіп, екеуі бір айдың ішінде осы ортадан табылады. Содан бері құрбылар бір подстанцияда, бірге еңбек етіп келеді. Осы мамандықты таңдағандарына ешқашан өкінген емес. Бүгінгі жұмыстарының энерго жүйесінің бар сырын, құпиясын терең біліп, игеруге бастайтынына сенімді. Қыздар өздерінің мамандықтарын жете түсінуіне игі әсер еткен Степногрск электр жүйесінің бас инженері В.В. Васильевті ерекше құрметпен еске алады.

–Кейде бізге оның кеңестері мен қолдауы жетіспей жатады. Владимир Викторович 30 жыл жұмыс өтілі бар өте білімді басшы еді.Ол қызмет істеген жылдары оның басшылығымен кәсіпорында сапалы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, әуедегі электр желілерінің қызметі қамтамасыз етілді, ақаулар қысқа уақыт ішінде жөнделіп отырды, –  дейді құрбылар.

Олар өздерінің қауіпті жұмыстарында қыздардың да еңбек еткені дұрыс деп санайды. Себебі, олар ұқыпты болады, кейбір ұсақ-түйек нәрселерге  дейін аңғарады. Әрине, бұл жерде адамның техникалық ойлау қабілеті болуы керек. Сондай-ақ, қорқыныш пен қауіпті де естен шығармаған жөн. Желіге келіп тұрған жоғары кернеулі ток есіңде болса, тек қана нұсқауға сай жұмыс жасайсың.

Міне, осындай аса қауіпті жұмыста жүрсе де қыздар өздерінің сүйкімді, көркем кейіптерін жоғалтпаған. Алина ас үйде неше түрлі тағам пісіргенді, әлдебір жаңа тағам түрлерін дайындауды ұнатады. Ал, Мария спортты ұнатады, волейбол ойнауға құмар. Мария Андреевна құрбысы екеуінің кәсіби біліктіліктерін одан әрі жетілдіріп, кәсіпорынның дамуына үлес қосуды көздейтіндіктерін айтты. Олар «Көкшетау Энерго» кәсіпорнының болашағына, дамып, нығая түсеріне сенеді.

Еркін СЕЙІТОВ,

«Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар