Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық құрылтай ұлағат ордасы болсын - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық құрылтай ұлағат ордасы болсын

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын мұқият тыңдадық. Елді жаңғырту, дамудың жаңа жолына түсірудің іргетасы қаланды деп ойлаймын. Өйткені, Мемлекет басшысы елдің Ата Заңы –Конституцияның отыз пунктіне өзгерістер енгізу керектігінен бастап, көптеген жаңалықтар, жоспарлар ұсынды. Ол жаңалықтар, әрине, елді өзгертеді. Осылай, заңдармен бекітілген тұжырымдар ғана жаңғыруға тұғыр болмақ. «Бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген» деп Президенттің өзі айтқандай, Жолдау халықтың талқылап, айтып жүрген мәселелеріне жауап берді. Оның: «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа  еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек» деуі әбден орынды. Расында да солай. Мемлекет басшысы көпшілік пікірін дәп басып айтты.

Президент Жолдауындағы маған ерекше ұнаған бір пікір Ұлттық құрылтай құру идеясы болды. «Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс» деді ол. Жалпы, үлкенді тыңдау, күрделі мәселелерді ортаға салып талқылау, ақылдасып шешу біздің қанымызда, салт-дәстүрімізде бар нәрсе. Ұлттық Құрылтай шешкен бірде-бір мәселе қиыс болмайтына сенімдімін. Бұл – біздің ұлтымызды ұйыстыра түсер ұлағатты орда болар. Оның үстіне, оның мүшелері Қазақстанның әр түкпірінен, әр саладан болса, нұр үстіне нұр. Президенттің барлық бастамаларының іске асуына тілектеспін.

                                                               Жібек Бағысова,

                                                     Қазақстан Республикасының халық әртісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар