Белгіленген жолдан таймай, алға басамыз

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бүгінгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.  Берекелі қоғам.» Жолдауының шын мәнінде тарихи маңызы бар. Ол дәстүр бойынша Президенттен өзі көздеген барлық реформаларды іске асыру жолында жаңа қадамдар күткен көптеген қазақстандықтардың күткенінен де асып түскеніне сенімдімін.

Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы жылдың күзінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысы маңызды әрі шешуші қадамдардың бірі екені сөзсіз. Сонымен бірге, Президент өкілеттіктерінің саны мен ұзақтығын қайта қарау қажеттілігі туындағанын Мемлекет басшысының өзі атап өтті. Ол Президент мандатын 7 жыл мерзімге қайта сайлау құқығынсыз шектеуді ұсынды, жеті жыл кез-келген өршіл бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, президенттік мандатты бір мерзімге шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша бағытталуын қамтамасыз етеді. Жаңа президенттік жүйе саяси тұрақтылықты, қоғамдық құрылыстың қазақстандық үлгісінің орнықтылығын нығайтады.

Мемлекет басшысы сайлаудан кейін Президенттің өкілеттігін бір мерзімге шектейтін бастаманы Парламенттің қарауына шығаратынын айтты. Оны қабылдаған жағдайда, Тоқаев Қазақстанда жаңа саяси дәуір басталады деп есептейді.

Парламент пен мәслихаттарға келетін болсақ, мұнда да оларды қалыптастырудың жаңа тетіктері – партиялық тізімдер мен бір мандатты округтер бойынша іске қосылады. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлының Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттар сайлауын келесі жылдың бірінші жартысында өткізу туралы ұсынысы орынды болмақ. Содан кейін ғана жаңа үкімет құрылады.

Осылайша, Мемлекет басшысы атап өткеніндей, 2023 жылдың ортасында барлық негізгі саяси институттар: Президент, Парламент және Үкімет қайта жаңғыртылады және жаңартылады.

Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын толық қолдаймын және оларды дәл уақытылы деп санаймын. Оның айналасына топтасу арқылы ғана біз бәріміз бірге ойластырылған реформаларды жүзеге асырып, жаңа, әділетті Қазақстанның құрылысын бастай аламыз.

Әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтқан ең күтпеген, бірақ маңызды ұсыныстарының бірі «Ұлттық қор – балаларға» түбегейлі жаңа бағдарламасының Балалар жылы басталғаны туралы хабарландыру болды.  Президент балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, 18 жасқа толғанға дейін аударуды ұсынады. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нақты жолдама береді. Мемлекет басшысының аузынан шыққан осындай жақсы жаңалық барша қазақстандықтарды қуантты деп ойлаймын.

Айта кету керек, Президент өз сөзінде әлеуметтік мәселелердің үлкен бөлігін көтерді, соның ішінде 2023 жылдың қаңтарынан бастап бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу кезеңін ұлғайтуды ұсынды, бұл аналарға сәбилердің ең маңызды жасында балаларымен бірге болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жұмысынан айырылу бойынша төлемдер артады. Бұл ана мен баланы қорғау үшін де қажет.

Қазақстандық қоғамда әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету тақырыбы бұрыннан талқыланып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдердің зейнет жасы туралы бастамасы көптеген пікірталастарға, петициялар мен пикеттерге жауап болды.

«Әлеуметтік қорлардың кеңдігін ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленеді», – деді Президент.

Жолдауда ол сондай-ақ, бүкіл зейнетақы жүйесін қайта қарау қажеттігіне баса назар аударды. Осылайша, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесі120 пайызға дейін жеткізілетіні атап өтілді.  Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы ұсынған барлық жобалар оның наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауының қисынды жалғасы, сондай-ақ конституциялық реформаларды іске асырудың басты кезеңі болғаны маңызды.

Егер де бүгінгі Қасым-Жомарт Кемелұлының Парламент Палаталарының бірлескен отырысында айтқан сөздері қолдау тауып, сенімді түрде іске асырылатын болса, біз бәріміз бірге «еліміздің әрбір азаматы үшін тең мүмкіндіктер қағидасына» қол жеткізе аламыз.

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар