Ақмолалықтар «Қайырымды Ұлт» акциясына үлес қосты

Ағымдағы жылдың 23 наурыз күні бүкіл ел бойынша «Қайырымды Ұлт» ауқымды қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ақмола облысының мәдениет мекемелері де ауқымды іс-шараға белсене ат салысты.

Акция аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттар үшін көшпелі мерекелік концерт өткізілді.

Облыстың үздік шығармашылық ұжымдары Көкшетау қаласының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған Көкшетау балалар психоневрологиялық мекемесі, «Аялау» орталығының балалары мен 18 жастан асқан ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында балаларға мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
«Қайырымды Ұлт» акциясы одан әрі жалғасын табуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар