Бұланды ауданында «Бала ақын – жас дарын» облыстық оқушылар айтысы өтеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында Қазыбек бидің 355 жылдығына және Балалар жылына арналған жыр додасын Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы ұйымдастырады.

2022 жылы қазақтың ұлы шешені, көрнекті қоғам қайраткері Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толып отыр. Оның рухани мұрасы, нақыл сөздері жатталып, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіліп отырған.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жыл балалар жылы деп жариялады. Балаларға ерекше назар аудару керектігін, олардың әл – ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі екенін атап өтті.

«Айтыстың мақсаты – өмірін бірлік пен тәуелсіздік үшін күреске арнаған қазақ халқының даңқты ұлдарын дәріптеу, талантты және дарынды жас ақындарды анықтау және қолдау көрсету, орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, импровизация өнерін, балалар шығармашылығын дамыту», – дейді Ақмола облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Наурыздың 25-і күні сағат 15:00 өтетін айтысқа Ақмола облысының аудандары мен қалаларынан 12-18 жас аралығындағы оқушылар қатысады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар