Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашаққа нық қадам жасалмақшы - АРҚА АЖАРЫ

Болашаққа нық қадам жасалмақшы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында саяси, әлеуметтік–экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі болашақ міндеттерді белгілеп, мемлекеттің одан әрі даму перспективаларын айқындады.

Президент азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін, мемлекет мүдделерін қорғауды негізгі міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы ұсынған реформалар қоғамның қажеттіліктерін өтеуге, саяси жүйені жан-жақты жаңғыртуға, демократияландыруға және қоғамның тұрақты дамуына бағытталатын болады.

Мемлекеттің «суперпрезиденттік» басқару нысанынан күшті Парламенті бар Президенттік Республикаға көшуі, мемлекеттің қоғамдық ұйымдармен және белсенділермен өзара үйлесімді іс-қимылы – бұл билік пен қоғамның тұрақты диалогы қалыптасатын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыруға жасалған тағы бір үлкен қадам.

Қазақстан Республикасының Парламенті де өзгерістерді күтуде – депутаттар квотасы қысқартылады. Мәжіліс депутаттарына — заңдар қабылдау, ал, Сенат депутаттарына Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы мемлекет қауіпсіздігі БАҚ пен журналистердің жұмысына да байланысты екенін, олар мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін жұмыс істеуі, әлемде болып жатқан жағдайларға өз көзқарасы болуы, өз жұмысын абайлап және біліктілікпен байыптауды, ақпаратты Қазақстан халқына ашық жеткізуі тиіс екенін атап өтті.

Әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдайда елдің даму деңгейінің тежелуіне жол бермеу үшін жедел шаралар қабылдау қажет. Тоқырау мен экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін Мемлекет басшысы ұсынған барлық реформалар мен үйлесімді қайта құрулар осыған бағытталған.

Біртұтастықты, ұлтаралық тұрақтылықты, ынтымақ пен келісімді, билік пен қоғам арасындағы диалог мәдениетін сақтай отырып, біз еліміздің тәуелсіздігін нығайтамыз, ал, бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы азаматтық парызымыз.

Бір сөзбен айтқанда, жаңа Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналғаны айқын көрініп тұр.

  Галина МИКРЮКОВА,

Қазақстан Республикасының спорт шебері, Азия чемпионы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар