Ақмолалықтар қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында жеңіске жетті

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа 300-ден астам жас спортшылар қатысты.

Ақмола облысының спортшылары әр түрлі дәрежедегі 15 марапатты жеңіп алды. Оның ішінде Мәди Галиақбар (52 кг), Рубен Калинин (73 кг), Аяжан Бейсенбаева (58 кг), Мәдина Әбішева (53 кг), Нармин Распамбетова (58 кг) және Диана Амантаева (70+ кг) чемпион атанды.

Ал, екінші орынды Дильназ Жайлауова (44 кг), Томирис Молдашева (58 кг), Дамеля Баржақсынова (40 кг), Жанбек Азғожа (76 кг), Лаура Махатова (48 кг) және Көсем Аққұзов (57 кг) иеленді.

Қола медальді Милана Бекішева (58 кг), Адай Аққұзов (48 кг) және Дидар Боранқұл (21 кг) иеленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар