Ағылшын тілін оқытудағы олқылықтар талқыланды

Ақмола облысында білім басқармасының оқыту-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған арнайы топтық оқыту сағаты (вебинар) болып өтті.

«Ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысыбарысында оқушылардың білімдері мен дағдыларындағы кемшіліктерді анықтау және жою» тақырыбына арналған вебинар онлайн форматта өткізілді. Іс-шара оқушылардың шет тіліпәнінен білім алуы кезіндегі жіберіп алған кемшіліктері мен үлгермей қалған сабақтарын толықтыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуға, оқытудың жаңа формаларын іздеуге бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, вебинар барысында педагогтар шет тілі пәнінің өзекті мәселелерін, білім сапасын арттыру және оқушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтарды анықтау және жою жолдарын белсенді талқылаған. Шара соңында педагогтар шет тілдерін оқытуға байланысты әртүрлі ұсыныстарын айтып, вебинарға қатысты ой-пікірлерімен бөліскен.

Айта кетсек, бүгінгі таңда Ақмола облысының 60-қа жуық ағылшын тілі мұғалімі «Шет тілі» пәні бойынша облыстық бірлестікке кіретін педагог-шеберлер мен педагог-зерттеушілердің шеберлік сыныбына тиісті дәрежеде қатыса алды.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар