Жайылым жайы қолға алынса…

«Аманат» партиясының облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің біріккен отырысы болып өтті. Онда жауапты қызметкерлер жайылыс жерлер, ауыл тұрғындарының мал ұстауына кедергі келтіретін жағдайлар жөнінде хабарламалар жасап, түйінді мәселелерді көтеріп, пікір алмасты. «Жол картасы» бағдарламасының орындалуы, патриоттық тәрбие, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру барысы жөнінен пария мүшелері, жергілікті мемлекетік органдар жетекшілірінің есептері тыңдалды. Жиынға партия филиалы төрағасының орынбасары Б. Жұпынов қатынасты.

Мінберге бірінші болып көтерілген облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жерді есепке алу және жерге орналастыру бөлімінің жетекшісі Жұмажан Бейсембаева ауылдық жерлер, елді-мекендерде жайылыс жерлер жетіспеуі себептерін баяндады. Әуелгі себеп, тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болып шыққан кейін Жер туралы кодекстің кешеуілдеп қабылдануы. Сол кезеңде жерлерді иеленіп, оны пайдаланбай, банктер кепілдігіне қою белең алған. Енді ол жерлерді сарапқа салып, жөн-жосығын анықтап, қайтару жолдарын қарастыру керек. Ауыл іргесінен бастап жыртылған жер тұрғындарға үлкен қолайсыздық әкеліп отырғаны белгілі. Осындай, мәселелердің бәрі тиянақталып, шешілуі сұралып, жоғарыға мәселе қойылған.

Мысалы, ауыл айналасындағы 7 шақырымға дейінгі жерлердің тұрғындар пайдалануы үшін қайта сатып алынуы, немесе, оларға басқа жер телімі берілуі қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ, кейбір ауылдар болашағы жоқ болып саналса, олардың маңайындағы егістік жерді сатып алу жөн бе, жөн емес пе, пайдаланылмай жатқан жерге дау жоқ, егінін егіп, өнімін алып, көпшілікке жұмыс беріп отырғандардың жерін кері алу дұрыс па, деген сұрақтарды комиссия мүшелері кеңінен талқылады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару Комитетінің Ақмола облыстық Департаментінің жетекшісі Ерғали Шорин өз баяндамасында бірқатар сұрақтарға жауап бере келіп, жайылыс жерлерді пайдалану туралы мәселені шешуге тек осы департмент, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының аталмыш бөлімі ғана емес, бүкіл қоғамдық ұйымдар, партиялар, қоғам белсенділері біріге атсалысуы қажеттігін айтты.

Партия филиалының біріккен мәжілісінде Целинорад ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков, Қорғалжын аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Құсайын Жұмашевтар да күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасап, пікірлерін ортаға салды.

Ал, екінші мәселе бойынша Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Абдрахманов, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Сенбековтердің хабарламалары тыңдалып, талқыланды.

Серік Сапарұлы,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар