2022 жылғы ақпан айы үшін Ақмола облысының Инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 101,5% құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 101,3%, республикалық мағынада, тиісінше – 101,5% және 101,3% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%-ға, азық-түлік тауарлары – 2,5%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,7%-ға қымбаттады.

2022 жылғы 25 қаңтардан бастап 2022 жылғы 23 ақпанға дейін базалық мөлшерлеме 10,25% құрады. 2022 жылғы 24 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 13,5% құрайды.

Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,2%-ға өсіп, 87,5 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 33,5 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 54,0 млрд. АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпочта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың ақпан айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 434,44 теңгені,  еуроға – 492,47 теңгені, ресей рубліне – 5,64 теңгені құрады.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ақмола облысында 65 айырбастау пункті, оның ішінде: 51 – банк  филиалдарының, 4 – «Казпошта» АҚ-ның және 10 уәкілетті ұйымның 10 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2022 жылғы ақпанда облыстағы айырбастау пункттері 9,5 млн. АҚШ долларын, 1,0 млн. еуро және 654,4 млн. ресей рублін сатты. 2021 жылғы ақпан айында – 6,1 млн. АҚШ доллары, 1,1 млн. еуро және 331,6 млн. ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 239,5 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 4,1%-ға азайды.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 79,4%-ды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,9%, шетел валютасы бойынша – 0,86% болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 326,4 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 321,0 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 30,7%-ға, өткен аймен салыстырғанда 1,4%-ға өсті (2022 жылғы 1 ақпанға – 316,6 млрд. теңге).

2022 жылғы ақпанда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 34,5% өсіп, 22,6 млрд. теңгені құрады.

2022 жылғы ақпан айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,9%-ды құрады.

2022 жылғы ақпанда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 98,0% болды.

Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 116,8 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы ақпан айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 50,9%-ға өсіп,  10 057,3 млн. теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 92,6 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы ақпан айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері        4 516,1 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 15,3% немесе 599,2 млн. теңгеге өсті.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2022 жылғы 1 наурызға 54,1 млрд. теңгені құрады. 2022 жылғы ақпан айында 5 397,0 млн. теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 70%-ға өсті (2022 жылғы қаңтарда – 3 175,4 млн. теңге берілді). 2022 жылғы ақпанда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 15,2% құрады.

 Төлем карточкалар нарығы.

Облыс     бойынша     айналымдағы     төлем     карталарының     саны

2022  жылғы  1  наурызға  1 309  мың  бірлікті  құрады   (алдынғы   аймен салыстырғанда 3,2%-ға азайды), бұл республикалық көлемнің 2,3% құрайды.

2022 жылғы ақпан айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 129 130,8 млн. теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 27,9%-ға өсті). Транзакциялар саны 8 772,6 мың транзакцияны құрап 33,4%-ға өсті. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 36,7% өсіп, 8 088,7 мың транзакцияны құрады, сомасы 33,8%-ға өсті (мөлшері 86 972,6 млн. теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 4,2%-ға дейін өсті (транзакциялар саны 683,9 транзакцияны құрады), сомасы 17,3%-ға өсті (мөлшері 42 158,2 мың теңгені құрады).

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 15 402 POS-терминал, 409 банкомат, 8 653 кәсіпкер[1]; 13 209 сауда нүктелері.

 Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша

[1] Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар