Номиналы 200 теңгелік банкноттардың төлем қабілеттілігі туралы

Қазақстан Ұлттық Банкіне халықтан өтініштер түсе бастады. Азаматтардың айтуынша, кәсіпкерлер тарапынан номиналы 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайлар бар.

Қазақстан Ұлттық Банкі номиналы 200 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып қалатынын еске салады. Олар 200 теңгелік монеталармен айналымда қатар жүреді және төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті.

Бұл банкноттарды банктер мен «Қазпошта» АҚ-ның барлық бөлімшесінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдарында ұсақтауға және айырбастауға болады. Олар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан алынады.

Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тартқан тарапқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, онда Қазақстан Ұлттық Банкінің жақын маңдағы аумақтық филиалына хабарласу қажет. Сонымен бірге видеоға түсіруге немесе банкнотты қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша талап етуге кеңес береміз.

Филиалдардың мекенжайы мен байланыс телефондары Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында көрсетілген. Қосымша сұрақтар болса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалына 8 (7162) 55-18-09, 55-18-00,
ішкі 2231, 2234 телефон номерлері арқылы хабарласуға болады.

 306 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар