Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су тасқыны қаупінің кезек күттірмейтін міндеттері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Су тасқыны қаупінің кезек күттірмейтін міндеттері талқыланды

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті. Жиын барысында барлық қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы қаралды.

Отырыста Ақмола облысы аумағындағы қалыптасқан жағдай жайында айтылды. «Казгидрометтің» дауылды ескертуіне сәйкес, 1-3 сәуір аралығында облыстың өзен бассейндерінде оң ауа температурасының болжамына байланысты қарқынды қар еруі, еріген ағын қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.  Осылайша қазірдің өзінде облыс аумағында су тасқынының өтуі тұрақты режимнен қауырт режимге ауысады деп айтуға болады.

Болжамдық деректерді ескере отырып, жоғары қауіпті аймақта Целиноград, Аршалы, Астрахан, Атбасар, Сандықтау және Ерейментау аудандары тұрғаны анықталды.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев құтқарушылардың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы баяндады, сондай-ақ, департаменттің су тасқынына 445 адам, 84 техника, 12 жүзу құралы және 97 мотопомпа дайындағанын атап өтті. Аршалы, Астрахан, Атбасар және Целиноград аудандарында тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай департаментінің ведомстволық бағыныстағы бөлімшелерінің күштері мен құралдарын топтастыруға 119 адам, 31 техника және 10 жүзу құралы, 11 жылжымалы мотопомпа дайындалды.

Құрылған жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығына тексеру жүргізді. Облыстың барлық су тасқынының қауіпті учаскелері тексерілді. Осы ұсыныстар бойынша су тасқыны салдарын азайту мақсатында іс-шараларды орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Отырыс барысында проблемалық мәселелер қаралып, азаматтық қорғаудың облыстық кіші жүйесінің нақты міндеттері сараланды.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар