Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көктемгі қар суының еруі балалар үшін қауіпті - АРҚА АЖАРЫ

Көктемгі қар суының еруі балалар үшін қауіпті

Жылы массалардың басым болуымен облыс аумағында қардың еруі белсенді түрде өтуде. Осыған байланысты, бірқатар өңірлерде траншеялар мен арықтар салу арқылы еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, су бұру құрылыстарының тереңдігі 2 метрге, тіпті, одан да көпке жетеді екен. Және оған балалардың қызығушылығы артқан. Көрсетілген уақыт кезеңінде балалардың  арықтағы суға «қайықтарды жүргізу», тағы басқа ойындарға деген  ынталары ерекше арта түскен.

Осыған байланысты, Ақмола облыстық ТЖ департаменті ата-аналарға балаларының қайда жүргенін жіті қадағалауды назарға алуларын сұрайды. Балалардың бос уақытын қайда өткізетініне көңіл аударып, әсіресе, осындай көктем мезгілінде балалардың су айдындарында жүруіне жол бермеуді өтінеді.  Өйткені, оған айқын мысал, жуырда ғана Қарағанды облысының Сортировка кентінде 9 жасар бала су тасқынына құлап кетіп, қайтыс болған болатын. Полиция баланың өлімін қайғылы жағдай ретінде тіркеген. Бала қағаз қайығына қол созамын деп бір жарым метр тереңдіктегі арыққа құлаған.

Мұндай өкінішті жағдайлар орын алмас үшін, ересектер балаларымызға бейжай қарамай, олардың су бұрғыш арықтар мен арналарға баруына жол бермейік.  Көктем мезгіліндегі арықтар  балалар үшін қауіпті екені даусыз. Сондықтан, балаларды қараусыз қалдырмауды ақмолалық құтқарушылар да жанашырлықпен жеткізуде.

Абайсызда қайғылы жағдайға әкеп соқтыратын мұндай жайттардан мейлінше, сақтанайық.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар