Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін жер телімдерін қалай алуға болады?

Өздеріңіз білетіндей, жер – біздің байлығымыз. Сондықтан, оның құнарлылығына, жай-күйіне дұрыс көзқарас керек. Қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономиканы дұрыс жүргізу тек егіс алқаптарынан жақсы өнім алуға ғана емес, сонымен қатар, топырақтың  құнарлы әлеуетін сақтауға, бүгінгі және келесі ұрпақ үшін жер ресурстарын көбейтуге де зор септігін тигізбек.

Ақмола облысы аграрлық өңірлердің бірі болып табылады, осыған байланысты өтініш иелеріне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру мәселесі өзекті болып табылады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стендтерде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады. Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген нормаға сәйкес белгілі бір ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Жоғарыда баяндалған жайларға байланысты, облыс аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер беру жөніндегі конкурсты жариялағаннан кейін тілек білдіруші әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

                                                                                   Гүлім ҚАЖКЕНОВА,

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары  басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар