Жүзге келген кейуананы әкім үйіне барып құттықтады

Шортанды ауданының әкімі Бауыржан Малғаждаров, аудандық мәслихат хатшысы Гүлнұр Сәдуақасова және ардагерлер кеңесінің төрайымы Түкен Қизаева Бектау ауылының тұрғыны  Бәтима Орманбайқызын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

“Ғасыр жасап отырған сіздей ақ жаулықты  әжемізді мерейтойымен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Сіз үлкен өмір жолынан өттіңіз, көптеген маңызды оқиғалардың куәсі болдыңыз. Сізге зор денсаулық тілеймін, балаларыңыздың, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қамқорлығы мен ілтипатына бөленіңіз”, – деді ауданы әкімі Бауыржан Малғаждаров.

Бәтима Орманбайқызы ата-жұртқа Моңғолиядан келген. Жастайынан жергілікті шаруалықтарда еңбек еткен.  Жолдасы екеуі 11 бала тәрбиелеп өсірген.  41 жасында жан жолдасы өмірден өтіп, жесір қалған.

Мерейтой иесі өз кезегінде өзінің өмірі туралы естеліктерімен бөлісті. Ол өз жанұясын басты жетістік деп санайды. Балалары, немерелері және шөберелері қасында. Қазір қария 31 немере, 120 шөбере және 5 шөпшек сүйіп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар