Бүгін Әділет партиясының Шортанды аудандық филиалының төрағасы А. Қожамсейітов №3 жалпы орта білім беретін мектептің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесін жетілдіру, адами капиталды дамыту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, денсаулық сақтау саласын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген міндеттердің Шортанды ауданы үшін де маңыздылығы атап өтілді. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағыттарына назар аударылды.
Кездесу барысында мектеп ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсіндіруге, қоғам мен мемлекеттік институттар арасындағы өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
![]()

