Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жабай, Жыланды өзендері  қар суы қатерін молайтып тұр - АРҚА АЖАРЫ

Жабай, Жыланды өзендері  қар суы қатерін молайтып тұр

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков онлайн режимдегі брифингке қатысып, ауданның көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатындағы қам-қарекеті, соның ішінде осы қауіпті кезеңге дайындық, атқарылған жұмыстар және бүгінгі ахуал туралы айтып берді.

Сандықтау ауданы бойынша 10 елді мекен қауіпті аймақта деп саналады. Олардың жетеуі – Сандықтау, Балкашино, Петровка, Максимовка, Владимировка, Новый городок, Спасское ауылдары Жабай өзені бойында, екеуі – Бастрымовка мен Новоселовка Жыланды өзенінің бойында орналасқан. Ауданның көп бөлегін басып ағатын Жабай өзенінен келер қауіп көбірек.  395 адам тұратын 138 үй өзен арнасынан асса, қиындыққа душар болуы мүмкін. Сондықтан, екі өзеннің маңайындағы барлық елді  мекендерде түсінік жұмыстары жүргізіліп, жергілікті тұрғындармен ақылдаса отырып, ойпаң жерлер сұлбалары жасалды. Әр елді мекендегі қар суына қарсы жұмысқа жауапты адамдар бекітілді. 29-30 наурыз аралығында «БВР Техносервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзендер үстіндегі  4500 шаршы метр жердегі мұзды жару жұмыстарын атқарды. Бұл өзен суының кедергісіз ағып, арнадан шықпауына оң әсер етпек.

Су қатерін сейілту мақсатында аудан елді мекендерінен 73 700 текше метр қар шығарылды. 17,5 шақырым канал жөнделді, 9,1 шақырым каналдар мен арықтар тазаланды, 12 тонна дизель отыны, 2 тонна жанар-жағар май қоры жасақталды, аудан көлеміндегі көлік жолдарының 31 тұсынан су өтетін құбырлар тазаланды. Тұрғындарды хабарландыру жолы үйлестіріліп, оған жауапты адамдар бекітілді, тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылып, штаб құрылды.

Ауыл шаруашылығы алқаптарынан келетін суды қауіпсіз бағытқа айдауға қуаттылығы әртүрлі 20 мотопомпа дайындалды. Шұғыл әрекеттер үшін 57 адамнан 18 арнайы техникалық отряд құрылды, 6 ауылдық округте 10-25 адамнан құрылған мобильдік топ жасақталды. Төтенше жағдайды ескерту және жедел көшіру мақсатына 1 миллион 860 мың теңге бөлініп,  жанар-жағар май алуға конкурс өтіп, оны «Проиводственный центр «Есиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңіп алған. Аудан әкімінің резервтегі қаражаты 8 миллион 886 мың теңге. Өзендер үстіндегі мұздарды жаруға 1 миллион 500 мың теңге қарастырылған. 490 тонн инертті материал, 2000 дана полипропилендік қап дайындалған. 6 сәуірдегі есеп бойынша 650 құм толтырылған қаптар бар.

–Қысқаша айтқанда, көктемгі су тасқынына қарсы дайындығымыз бұл сындарлы сәттен шығынсыз өтсек деген бір ғана мүддені көздейді, – деді сөз соңында Ербол Кәрімұлы.

                                                               Серік САПАРҰЛЫ,

                                           «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар