Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 10 сәуір күні 04 сағат 02 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 154 км қашықтықта Қазақстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. Магнитудасы 5.1. MPV. Бағыты 44.00° с.е 78.49° ш.б орналасқан. Тереңдігі 20 км. Сезілу деңгейі туралы мәлімет жоқ. Айта кетейік, кеше Алматыдан 125 км қашықтықта Қырғызстан аумағында жерасты дүмпуі сезілген болатын.