Жерлес боксшы халықаралық турнирде күміс медаль иеленді

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Пхукетте (Таиланд) бокстан «Thailand Open» халықаралық турнирі өтті. Байрақты жарысқа әлемнің 14 елінен жиналған 130 спортшы қатысты.

Оның ішінде Ақмола облысының өкілі Сұлтан Мусинов 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таиландтық боксшы Сомчай Вонгсуванмен қолғап түйістірді. Жерлесіміз шаршы алаң иесіне есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Еске сала кетсек, қазақстандықтар бұл турнирде үш алтын, екі күміс және үш қола медаль иеленді. Медальдік есепте Қазақстан құрамасы Таиланд пен Үндістан командаларынан кейін үшінші орын алды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар