Нью-Делиде аптап ыстық

Үндістан астанасы Нью-Делиде биылғы наурыз соңғы 122 жылдағы ең ыстық ай болып тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сынап бағанасы 41 градустан асқан. Ал елдің кей өңірлерінде сәуірдің алғашқы он күнінде термометр бағамы одан да жоғары болған. Соның салдарынан алқаптар өртеніп кетті. Өз кезегінде жергілікті метеорологиялық қызмет мұндай ыстық әлі бірнеше күн сақталады деп ескертті.

Айта кетейік, жыл сайын Үндістанда аптаптан жүздеген адам көз жұмады.

Дереккөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар