Көкшетауда өрт шыққан пәтерден 76 жастағы зейнеткер құтқарылды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы Боровской шағын ауданында 5 қабатты тұрғын үйдегі бір бөлмелі пәтерден өрт шықты. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру кезінде пәтер ішінде болған 76 жастағы зейнеткер құтқарылды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 12 адам және 3 техника жұмылдырылды. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер пәтер ішінде адам барын анықтады. Пәтердің есігі ішінен құлыпталған болды. Сол себепті, өрт сөндірушілер терезеден ішке еніп, түнге тұншығып жатқан зейнеткерді сырта алып шықты. Артынша, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Дәрігерлердің айтуынша, зейнеткердің жағдайы қанағаттанарлық, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – деді №10 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Әділет Серік.

Сонымен бірге, өрт сөндірушілер пәтер ішінен газ баллонын алып шықты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар