Қазақ қоғамындағы атабектердің орны

 ХVІІІ ғасырдың қазақ тарихындағы Ұлы даланың ұлы тұлғаларының бірі Абылай хан. Оның өмірбаянымен танысқан кезде мені ерекше қызықтырған тұлға Ораз аталық болды.

Ораз аталық Абылай ханның атабегі болған. Бұл орта  ғасырлардағы  лауазым. Атабек атауы түркі халықтарының тарихында үш түрлі мағынада  қолданылған екен. Алғашқысы, Салжұқ сұлтандарының мирасқорларын  тәрбиелеуші  әрі олардың қамқоршысы болса,  ХІІ-ХІІІ ғасырларда  Таяу және Орта Шығыс  елдерінде  феодалдық  княздіктің басшысы ретінде, ал, Мысырдағы мамлюктер билігі  тұсында  әскер басы ретінде қолданылған.

Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды алты ғасырдай  билеп-төстеп келді. Ол, қазақ қоғамында ең жоғарғы билеуші хан болды. Ең айбынды хандардың аты  қазақ тарихында алтын әріппен жазылып  қалды. Қазақ халқы ең ауыр кезеңдерді басынан  кешірді. Қазақтар  жоңғарлармен  бір ғасырдан  астам  уақыт  бойы кескілескен  қанды шайқастар  жүргізіп келді. Солардың бірі  Жолбарыс  Абылай, Есім ханнан Сырдақ сұлтан, одан қысырау Датқы, сосын Қайып хан  тарайды. Әз  Тәукенің  жанында  жүріп  көтерілген  сұлтандардың бірі – Қайып хан болады.  1715  жылдың жазында Әз Тәуке хан қайтыс болады да хандыққа Қайып келеді. 1715 жылы көрші Ресейге,   Түркияға,  Бұхарға  аттанған   қазақ елшілері  Қазақ  хандығында  таққа Қайыптың отырғанын растайды. Қайып  кеңсе басқару, елшілік  жұмысына  жақсы,  бірақ іскери  іске жетік болмаған сияқты. Сөйтіп, өзіне жүктелген  міндетті орындай алмай,  билік жүйесінің әлсіреуінені 1717 жылы  Аягөз  өзені бойында  Қайып хан мен  Әбілхайыр  сұлтан отыз  мың қолды  бастап барып  қалмақтан  оңбай  жеңіледі. 1718 жылы  Жолбарыс Абылай  орта жүз  батырларының  қолдауымен  Қайыпты өлтіреді де, «Қанішер Абылай»  атанады. Осыған дәлел, Жамбыл Артықбаевтың «Абылай хан» атты еңбегін оқыған кезде қызықты мәліметтер кездесті. Сондықтан, мен ғылыми зерттеу жұмысын ұстазым Жанар Қасымованың жетекшілігімен қолға алып жатқандықтан, осы кітаптан үзінді келтіргім келеді:

Үргеніште   болған  бір қырғынның  кезінде  Қанышер Абылай  әулеті  түгел  опат болып, тек  Ораз аталықтың  жанқиярлығы  арқасында аман  қалады. Ораз аталық Уәлиге  қамқор болып, ол Үргеніште  дүние салғанда оның  баласы, өзінің тәрбиесіндегі Әбілмансұрды  алып  қашып,  Қазақ  Ордасына  келеді. Мен Көкшетау  маңында  ескі  сөзден хабары бар  қариялармен осы  тақырыпта  әңгімелестім,  бәрі  де Ораз аталықты  «жаугершілікте  Абылайды жерошаққа  тығып  аман алып  қалған» дейді. Қазақтың тарихи романдарында Ораз аталықты Абылай өлтірген-мыс деген әңгіме бар, алайда, бұл ешқандай  шындыққа  сай  келмейді.

«Аталық» деген сөз сол заманда биік лауазым, мемлекеттік  қызметкер. Шешіп айтсақ, аталық – хандардың  ақылшысы, елшілік  қызмет атқарушы, ханзадалардың тәрбиешісі. Өзі  үшін  жанын қиып, етектен қан кешіп Үргеніштегі қырғыннан алып қашып келген  қамқорын, ақылшысын Әбілмансұр қалай өлтіреді? Ораз аталық  жасы жетіп, Көкшетауда, Хан ордасы атанған Қызылағаштан 15 шақырым жерде өз ауылында, бала-шағасының алдында қайтыс болады. Ертеде ол жер «Оразбұлақ»,  «Аталықтың ауылы» аталған екен, қазіргі  уақытта «Қарабауыр» атанады. Іздеген адам болса Бурабайдан тым алыс емес, таудың теріскей жағына ассаңыз 20-25 шақырым жерде орналасқан. Абылайдың тұқымы «Бабамның ауылы», «Бабамның жұрағаты» деп аса  қастерлесе керек. Бұл сый Абылай тұсынан басталып,  Кеңес үкіметі орнағанға дейін  жалғасқан.

Жалпы, қазақ тарихында, қоғамдық  өмірінде, хандар қызметінде  әлі де аталық  лауазымы терең зерттеуді қажет етеді.

 

 Інжу ҚҰЛМАНОВА,

Щучинск қаласының

№7 мектеп-лицейінің 

5 «А» сынып оқушысы.

  Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар