Бес жоба жүзеге асырылмақшы

Жақсы ауданында осымен екінші жыл қатарынан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Аталмыш жоба ауылдың өмір сапасын жақсарту, елдің өркендеуі үшін аса қажет. Бұл күнде ауданға қарасты бірнеше елді мекендердің жолдары жөндеуден өтіп, жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне сәйкес заманауи жабдықталған инфрақұрылымдар бой көтеруде.

Мәселен, өткен 2021 жылдың өзінде осы бағдарлама шеңберінде Жақсы ауданында жалпы сомасы 2,8 миллиард теңгеге әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша 35 жоба іске асырылғанын атап өткен жөн. Оның 5-еуі әлеуметтік нысан болса, 28 жоба ауылдық елді мекендердегі жолдарды жөндеуге бағытталған.

Ал, ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында ауданда жалпы сомасы 440 миллион теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

–Тарқатып айтар болсақ, ауданға қарасты Беловодское және Перекатное ауылдарындағы ауылішілік жолдарды жөндеу, Жаңа Қима мен Қима ауылдарына көше жарығын орнату жоспарланған. Бұған қоса, аудан орталығында заманауи станданттарға сай дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы да жүріп жатыр. Бұл құрылыс өткен жылы қолға алынған. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында Жаңа Қима ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізіледі, – дейді аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ләйлім Сәдуақасова.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар