Дипломдық жұмыс жасатпақшы болған көкшетаулық студент алаяққа алданып қалды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 11 сәуірінде жергілікті оқу орындарының бірінің 22 жастағы студенті полицияға алаяқтықтан зардап шеккендігі туралы өтініш берген.

Жәбірленушінің айтуынша, жарнамалық сайттардың бірінде дипломдық жұмыстарды дайындау туралы хабарландыруды көрген. Кейін оның авторымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласып, ұсынылған шарттармен келісіп, жұмысқа қойылатын талаптарды айтқан. Сонымен бірге, өтініш беруші түсіндіргендей, ол бастапқыда дипломдық жұмысқа алдын-ала төлем жасаған, содан кейін әйел адам барлық соманы талап еткен. Еш күдігі жоқ зардап шегуші аталған 85 000 теңге мөлшерінде соманы аударды. Ақша алғаннан кейін әйел байланысқа шықпай қойған.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерінен тағы бір студент зардап шеккенін анықтады, сонымен қатар 2020 жылы әйел осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді ведомстводан.

Осы ретте, тәртіп сақшылары кезекті рет облыс тұрғындарынан ешбір жағдайда интернетте тауар сатушыларға өз паспорттық деректеріңізді, жеке кабинеттердің парольдерін, банк шоттарының деректемелерін хабарламауды, оларға сатып алынатын тауар үшін толық немесе ішінара алдын ала төлем аудармауды сұрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар