Қоғамдық қабылдау бөлмелерімен қарқынды жұмыс жүргізілуде

Бұқара базынасы билік назарында болуы шарт. Сол себепті Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын еңгізген еді. Енді «AMANAT» партиясының жұмысы да осы тұжырымдама негізінде жүзеге асуда. Себебі, партияға көмек сұрап келетін қарашаның қарасы қалың. Мәселен, жыл басынан «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2049 адам жүгінген. Қарау нәтижелері бойынша 1112 өтініш немесе 54,2% – ы оң шешімін тапты, 786 немесе 38,3% – ы бойынша түсініктемелер берілді, 7,5% – ы орындалуда.

Қоғамдық қабылдау алаңдарында 632 қабылдау өткізіліп, 1619 адам қабылданды. Ауылды елдімекендерде болса, халық өз назын бастауыш партия ұйымдарының төрағалары арқылы жеткізе алады. Мәселен, Біржан сал ауданына қарасты «Заураловка» бастауыш партия ұйымының төрағасы Р.К. Әбдірахманов мүмкіндігі шектеулі туысқанын күтетін азаматшаға жәрдемақы ресімдеуге өз қолдауын көрсетті. Ал, «Пятигорское» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г.М.Шакирова көпбалалы отбасылар мен тыл еңбеккерлеріне мерекелерде ынталандыру сыйлығын беру мен ақшалай қолдау көрсетуді ұйымдастырып, жергілікті азаматтардың алғысына бөленді. Яғни, бүгінгі таңда бастауыш  партия ұйымдары  халық арасында өз беделін арттырып келеді.

“Халыққа көмек” партиялық жобасы аясында “AMANAT” партиясының аудандық филиалдарының арнайы құрылған шұғыл топтары әлеуметтік тұрғыдан әлсіз, әрі өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасылар мен азаматтарды анықтау жұмысымен де айналысады. Сондай жұмыстардың нәтижесінде Астрахан ауданының Первомайка ауылында 6 баланы тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасын анықтап, олардың атаулы әлеуметтік көмек алуына қолдау көрсетілді.

Облыстық және аудандық мәслихат депутаттары партияның аумақтық филиалдарында қоғамдық қабылдаулар жүргізіп, халықтың түйткілді мәселелерін оңтайлы шешілуіне ат салысуда. Мәселен, Қорғалжын ауданының тұрғыны болып табылатын көпбалалы анаға мүмкінкіндігі шектеулі баласын Елордаға апарып емдетуге аудандық мәслихат депутаты Бекет Досанбаев қаржылай көмек көрсетті. Нәтижесінде бала барлық оңалту рәсімдерінен жоспарлы өтті. Ал, ақ жаулықты ана болса, халық қалаулысының қамқорлығына риза болып, өзінің алғысын жеткізді.

Айта кетейік, партияның Ақмола облыстық филиалы сондай-ақ, “Халыққа көмек” партиялық жобасы аясында тақырыптық кездесулер ұйымдастырып, азаматтардың заңгерлер, медиаторлар мен нотариустардан тегін консультативтік көмек алуына мүмкіндік жасайды. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында сондай 69 қабылдау өткізіліп, 146 азаматқа кеңес берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар