Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қанатына аққудың ілескендей... - АРҚА АЖАРЫ

Қанатына аққудың ілескендей…

«Ритм» халықтық би ансамблінің есепті концерті өнерсүйер қауым  үшін тосын сый болды. Би ұжымының ілкімді ізденісіне көзайым болып жүретін көпшілікті бұл жолы тосын сый тосып тұрған еді.

Алаулаған гүлді алқапта ұшып-қонып, қызылды-жасылды қанатымен қуанышқа толы сезімдерді себезгілеп жүргендей әдемі әсер ететін би сайысы барлық ұжымдардың қатысуымен ұйымдастырылды.

Рухани нәр беріп, жалпақ жұрттың жан-дүниесін айта қаларлықтай әсемдікпен көмкерген көрікті кеш, концерттік бағдарлама бір демде өте шықты. Тез өткенімен, жақсылық іздеген жанарларды ғажайып би иірімдерімен сусындатып, көп көңілін көктем етті. Осы арада «Шығыс биі» деп аталатын кіші құрамның композициясы талғампаз қауымның діттеген жерінен шыққандығын, өміршең өнердің өрісі кеңейе түсетіндігін тағы бір ұқтырғандығын айта кетсек артық болмас. Құс кейіпін сомдаған ұжым жетекшісі Н.Гороваяның шеберлігінде шек жоқ. Ең үлкен ауыртпашылық ересектер тобына түскені анық. Осы орайда, қазақ, түрік, өзбек билерімен қатар, жаңа заманғы композицияның алапат әсерін айтпай кетпеске болмайды.

Би өнері барынша ақсүйек өнер, бірақ, бейнеті де мол. Сахна сүйкімі қажырлы қайратпен, зор ізденіспен келері анық. Онсыз талап биігіне еш шыға алмайтыныңыз белгілі. Бір өкініштісі, киелі сахнаның көркі болып жүрген ансамбльдің кейбір мүшелері биыл өздерінің сүйікті ұжымымен қош айтысып кетпек. Өйткені, олар орта мектепті аяқтап, ұлы өмірден өз жолдарын іздейді.

Негізінде, мәдениет үйі үлкен де ұйымшыл отбасы тәрізді. Бар тыныс-тіршілігі, қиындығы мен қызығы ортақ. Жалғыз би ғана емес, әдемі ән де көрермен көңілін көрікті етері сөзсіз. Анна Олексюк, Жанат Қайсанова, Ярослав Ворсина, Татьяна Меркер, Қадыл Азамат тәрізді өнерпаздар және «МилаВиТа» шығармашылық ұжымы өнерсүйер қауымның көңілінен шығып жүр.

Мәдениет үйінің директоры Алпыстай Елеманов пен көркемдік жетекшісі Ирина Филиппова концертке қатысқан барлық ұжымға алғыс білдірді.

Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар