Беделді мамандық иесі

Осы жылы «Көкшетау Энерго» ЖШС релелік қорғау, автоматика және өлшеулер орталық қызметінің электр слесарі Татьяна Степановна Ершова  бірден екі атаулы күнді, яғни, өзінің 60 жылдығын және аталған кәсіпорындағы қызметінің 25 жылдығын атап өтеді. Бұл жай ғана жылдар емес, бұл үлкен өмір жолы!  Электр желілері жүйесінде барлық уақытта релелік қорғаныс, автоматика және өлшеу қызметі ерекше қызмет болып саналады, өйткені, мұнда қолмен емес, көбіне-көп білім-білікпен жұмыс істейді.

Татьяна Степановна үшін мамандық таңдаудың өте бір сәтті мүмкіндігі өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарының ортасында, анасы Мария Алексеевна Таркова электр энергетикасы кәсіпорнына баруға кеңес берген кезде пайда болды. Біздің кейіпкеріміз кеңес заманында есептегіштерді жөндеу зертханасында жұмыс істеген анасының аузынан ынтымақты, үлкен және үйлесімді ұжым туралы жиі естіді, сондықтан, менің де осы өмірлік таңдауым дұрыс болар деп шешті.

Татьяна Ершованың негізгі міндеті бір және үш фазалы есептеу құралдарын дайындау және реттеу болып табылады. Ол «Түстік өмірің болса, кештік білім жи» деген өмірлік көзқараспен жұмыс істейді. Ол осы жылдар ішінде кәсіби маман ретінде электр энергиясы аспаптарын жөндеу және тексеру бойынша технологиялық процестің барлық кезеңдерінен өтті. Уақыт бір орында тұрмайтындықтан болар, кейін индукциялық есептегіштерді электронды есептегіштер алмастырды. Олармен жұмыс істеу үшін арнайы қайта даярлау курстарынан өтіп, ол бұл жаңашылдықты да тез меңгеріп алды.

Жалпы, біздің кейіпкеріміз Б.Буяльский, В.Гречанников, Н.Гаврелюк және В.Пивень сияқты тәлімгерлеріне шексіз риза, өйткені, ол еңбек жолының басында осы қызметкерлермен бірге жұмыс істеп, өз ісінің нағыз майталманына айналды. Бәрін тек өте жақсы бағаға атқарып шығу әдеті, жұмыстың қыр-сырын түсіну, осы жолда өзін-өзі тәрбиелеу және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау үлкен өндірістік жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік беріп келеді.

2020 жылы Татьяна Ершоваға «ГОЭЛРО жоспарына 100 жыл» медалі, ал, биыл Наурыз мейрамы қарсаңында «Көкшетау Энерго ардагері» медалі тапсырылды. Жұмыс уақытынан тыс сағаттарын Татьяна Степановна өзінің немерелерін тәрбиелеуге арнайды, олармен бірге спорттық секциялар мен ойын-сауық орталықтарына барады. Осы айтулы күні «Көкшетау Энерго» ЖШС ұжымы майталман қызметкерін 60 жылдық мерейтойымен құттықтап, әрқашан осындай жігерлі, мейірімді және ақжарқын адам болып қала беруіне тілектестігін білдіреді.

Еркін СЕЙІТОВ,

«Көкшетау Энерго» ЖШС

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар