Әлемнің жетекші 23 университеті «Болашақ» бағдарламасы жоғары оқу орындарының тізіміне кірді

Биыл «Болашақ» бағдарламасы гранттарының 60%-і инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінді. Осыған орай «Болашақ» бағдарламасымен оқуға болатын жоғары оқу орындарының тізімі әлемнің 23 жетекші техникалық университетімен толықты, деп хабарлайды бағдарламаның баспасөз қызметі.

Олардың қатарында Эйндховен техникалық университеті, Гамбург университеті, Лестер университеті, Поханг ғылым және технология университеті, Дрезден техникалық университеті және т.б. Өткен жылы тізім Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка университеттерімен толықты. Жалпы тізімге QS World University Rankings, World University Rankings, Academic Rankings of World University Rankings халықаралық академиялық рейтингтерінің 250 үздік университеттері мен БРҮҚОА елдері ұлттық рейтингтерінің 20 үздік университеттері қатарындағы 27 елдің 236 университеті кіреді. Жоғары оқу орындарының толық тізімімен таныс болыңыздар.

Дереккөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар