Жібек жолы ауылының тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері түсіндірілді

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында Жібек жолы ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобада көзделген халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі бағыттары мен белсенді шаралары, атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі өзгерістер, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталы шеңберінде мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қолдау шаралары кеңінен жария етілді.

Сонымен бірге, басқарма басшысы Дина Ахметжанова мен Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Абай Бекбаевтың қатысуымен азаматтарды қабылдау өтті.
Азаматтарды қабылдауда тұрғындардың өтініштері мұқият қаралып, толық жауаптар берілді және ұсыныс пікірлер тыңдалды. Кейбір мәселелер одан әрі орындау үшін бақылауға алынды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар