Сандықтаудағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Көкшетаудың мәдени орындарына саяхат жасады

Ақмола облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, Балалар жылы және «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы шеңберінде  Сандықтау ауылындағы қиын өмірлік жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының 47 тәрбиеленушісіне экскурсия ұйымдастырды.

Балалар полиция департаментінің мұражайында болып, Ақмола облысының Ішкі істер органдарының тарихымен танысты. Сонымен бірге, Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығында бейнебақылау камераларының көмегімен балалар облыс орталығына шолу жасады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5510 әскери бөлімінде болғанында әскери техника, бөлімнің атыс қарулары, қызметтік міндеттерді орындау кезінде пайдаланылатын арнайы құралдар және әскери киім үлгілері көрсетілді. Балалар дала асханасынан дәм татып көрді.

Саяхат Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экскурсиямен жалғасты, балалардың назарына өлкенің ежелгі және қазіргі тарихының бай экспозициясы, Ботай мәдениетінің куәліктері, этнография мен тұрмыстық заттары ұсынылды. Экскурсия барысында балалар «Достар» мәдениет сарайында мультипликациялық фильмді тамашалады.

«Мен және менің полицейім» акциясы 11 сәуірден басталды. Ақмола полицейлері алдағы уақытта да қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға белсенді түрде көмек көрсетуге, балалардың бос уақыттарында мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға ниетті.

Бүгінгі күні облыста ішкі істер органдарында есепте тұрған 325 кәмелетке толмаған баланың, сондай-ақ қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 813 баланың үстінен профилактикалық бақылау жүзеге асырылуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар