Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сән едің  Үрпек тауға жарасатын! - АРҚА АЖАРЫ

Сән едің  Үрпек тауға жарасатын!

(көңілден де, көкейден де кетпейтін Рақым аға Аушақымұлы жайлы бір үзік сыр)

Шынайы бір көңіліммен  әңгіме  еткелі отырған және де кешегінің сал-серілеріндей болып есімде қалған Рақым Аушақымұлы 1937 жылы туып, 1976 жылы дүниеден озған болатын.Бурабай ауданына қарасты Абылайхан ауылының тумасы.

Әке мен шешеден ерте қалып, соғыс және одан кейінгі кезеңдердің зардабын бала кезінен тартып өскен Рақым аға бізге үш атадан қосылатын еді. Ата-анасынан ерте қалған Рақымды екі апасымен үшеуін менің әкем Ермұқан, анам Қайныш кішкентайларынан бауырларына басып, өзбалаларындай өсіріп жеткізді.Сондықтан, біз де ол кісіге туғанымыздай бауыр бастық.Екі апасы Зипа мен Нәсипә жастары 14-16-да болыптыда, бірер жылдасын бірінен соң бірі тұрмысқа шығыпты.Ол кісілер әлі бар, араласамыз. Әке, шешелерімізді тірісінде қатты сыйлады. Айыртау ауданы бұрынғы «Үкілі Ыбырай» кеңшарының бөлімшесі Құмтөккенде тұрады.

Рақым аға сол Кеңес үкіметі  кезіндегі кеңшарда мал шаруашылығында еңбек ете жүріп, ел ішінде домбырамен ән салып, жүйрік ат баптап мініп, бәйгеге қосқан. Соңынан қалмай еріп жүретін Ақсұңқар дегентөбетіболатын. Ағамыз Жітіқара қаласына ағайындармен құдалыққа кетерінде(ол кезде Жітіқара қаласына Қорған, Челябі қалалары арқылы бір поездан екінші, үшіншісіне ауысып баратын) үйдегі балалар жас болғандықтан, аш қалады деп Ақсұнқарын ауылдағы ағайынның үйіне байлап кетіп еді, апта жүріп келгенде Ақсұңқары қарғыбауына қиқынып өліп қалғанын көріп, тап адам өлгендей қимай жылағаны есімде.

Итсіз өмір сүре алмайтынын сезген олдүние, мал  жинамай,Ресейге  әдейі барып,құжаттары бар тіл түсінетін «Змейка»деген тазы  ит  сатып  әкелген еді.Кезінде Мәскеуге барып, басқада қалаларда түрлі ит сайыстарында  медальдарға ие болған екен. Кейіннен екі күшігі туып, ат соңынан үш   тазысысын ерітіп,ел арасында домбырамен ән салып, жүйрік ат баптап мініп, небары отыз сегіз-ақ жас жасап, артында еске аларлықтай із қалдырған адамды заманымыздың серісі демеске амалым жоқ.

Ол кезде егін егіліп, шөп шабылып, қой қырқылып, азығы дайындалып болғанда кеңшар шаруалары«сабантой» өткізетін. Сабантой жаздың бір шуақты күндерінде, табиғаттың бір нулы, сулы орманының алаңқайында өткізілетінеді, мал сойылатын, клуб қызметкерлері концерт ұйымдастыратын. Түрлі ұлттық спорт  ойындары – балуан күрес, ат жарыс, теңге алу, қыз қуу сияқты ойындары болып, барлық ел бала-шағасына дейін тамашалайтын.Осындағы бәйге жарыста Рақымның күреңі ылғи алда келгенде біз қатты қуанатынбыз. Тазылары аң аулаумен қатар малда бағатын, аңға шығарда күні бұрын тек қойдың өкпесін ғана беретін. Өйткені, өкпе ең жеңіл тағам,  иттің денесі жеңіл болып аңға салса, шапшаң жететін.

Қарақыстақ – ертедегі қыстақтардың бірі. Көкшетау тауының теріскей батыс жақ етегінде болыпты. Кейін бұл ара малшыларға қос тігуге және екі жағында көлі бар кең жайылымы ыңғайлы жер болды. Тау етегіндегі төбелерге шығып, малды Шалқар көлі мен Үлкен Шабақ көлінің ортасындағы отқа жіберсе, ауыз алмастан жабысып айырылмайтын. Түске қарай ыстық түссе, қойлар бұғып, бір-бірінің көлеңкесіне бастарын тығып,йіріліп тұратын. Осы кезде іші пысқан жас жігіт малды  қатарлас отырған малшыға тапсырып, атқа қонып, домбырасын асынып:

– Мен тау асып, арғы жағындағы демалушыларға ән салып қайтайын, сен екі табынды да қарай отыр,–деп таудың Үлкен Шабақ көл жақ қалың қарағайлы орман ішіне енеді. Әрі қарай Байқал асуы  бірден биіктеп, бір жағы құз, енді бір жағы ылдидағы шалқыған көлге айналады. Осы Байқал асуы арқылы өту өте қорқынышты. Астыңдағы атың тайғанаса, ылдиға құлауың мүмкін немесе биік құздан домалаған тастар басыңа тисе қайтесің?! Былай қарағанда оншама алыс емес болғанымен, құз бен ылдидың ортасында орналасқан тар жолмен өту қиынның қиыны еді.Жоғарыда етегінен басы көрінбейтін таудың биік шыңы. Біраз жүргесін жазықтау жерге өткен кезде Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін құйқылжыта орындап келе жататын.Сәл алға жүргеннен кейін аңызға айналған Үш қыз жартастары, онан әрі аспанға шаншылған Оқжетпес, онан әрі жарқырап Айнакөл көрінеді, ортасында суға шомылған еркеқыздай Жұмбақтас!

Айнала аңқыған қарағайдың жұпар иісі мас қылып, шабытыңды одан сайын асырады. Міне, осы тұстан демалыс орындары көріне бастайды. Әр жерде орман арасында қыдырып жүрген қыз-келіншектер мен бозбала жас жігіттер. Сылқылдаған күлкілері жарасқан. Екі екіден жұптасқан жасжұбайларда бар. Мына көріністен бейне бір махаббат әлеміне өтіп кеткендей болатын  жас Рақым қарап тұра ма?! Домбырасын шертіп қойып, әніне сала беретін. Елең еткен жастар да жақындай бастайтын, сол елең еткендердің ішінде болашақ жары Зылиха да бар еді. Екі өрім ұзын қара шашы Рақымды да бей-жай қалдырмаған.Күміс ерлі Күрең ат мінген, қолында домбырасы бар, кешегі Біржан сал, Ақан серілердің әнін салған жас сұлу жігіт қайсы бір сұлу қыздарды еліктірмеді дейсіз. Баяғының серілеріндей мынандай табиғат аясында тап болса, ойлаған адамға көрген түстей әсер етер. Ақыры ағамыз жеңгеміз Зылихаға ғашық болып жүргенде әскерге аттанады. Мекенін біліп алып, хат жазысып тұрады. Үш жыл әскери қызметін аяқтап, қазіргі Атырау облысынан Зылиха жеңгемізді ала келеді. Зылиха жеңгеміз қара торының сұлуы болатын, көмірдей қара шашы тұрған бойынан жерге жетіп асатын. Екеуінен өмірге келгенұл, қыздарынан өнерге, әншілікке бейімі байқалғанымен, әкесіз өскен өмір өнер қуып, ән айтуға жол бере қоймады. Барлығы дін аман,  өз алдарына отау құрып қария  аналарын бақты.

Үрпек тауының айналасы ұсақ шоқыларға толы, орманды бұлақты келеді. Биік жартастардың бастарына қарағай өскен,табиғаттың көркемдігі адам шабытына әсер ететіні рас болса ол осы Рақым ағамызға тиесілі дер едім. Сол таудың арғы  баурайында Мұжықай деген жерде малшылар үйі болған. Дәл үйінің іргесінен басталып өскен қалың орман ішінде таушие көп шығатын. Ағамыз бауырмал болатын, бала күнімізде жаз болса, біздіат арбаға қатар-қатар отырғызып, үйіне апаратын, бірнеше күн жатып, шие мен жидекке, жуа мен қымыздыққа тойып келетінбіз. Сонда тек орманға терең бойламаңдар, адасып кетесіңдер деп ескертетін. Ағамыз тылсым табиғатты аралай жүріп, елге келе жатқандажолшыбайкездескен аңға тазыларын қосатын. Тау арасында кездескен аңдарқұтыла қоймайтын еді. Іске шапшаң ағамыз ауланған аң терісін қолма-қол сыпырып, қанжығаға байлап елге келетін. Осы кезде аң терісі кездескендерге байланыпта үлгерінетін. Үйге кіріп келіп,аяқ киімін шешпестен домбыраны  сұраушы еді. Бала кезімізде төрде ілулі тұрған домбыраны  тетелес ағаларым Бегайдар мен Бектұрған үшеуіміз таласа жүгіріп әкелгенімізге мәз болып, қуанып ән тыңдайтынбыз. Оның орындайтын әндерінің ішіндегі есімде қалғандары «Аңшының әні»,«Тау ішінде», «Жас жігіт»,«Үшқара»,«Көкшетау»,«Теміртас», «Бір келіншек», тағы басқа әндермен қоса ұзақ қисса, термелерді орындайтын. Отырған жерінде әдемі әңгіме айтып, шешен сөйлеп, құрбы-құрдастарына суырып салып өлең шығарып, жұртты аузына қаратып, тойдың сәні бола білетін. Осының бәрі  бір керемет сурет болып, біздің балалық шағымыздан ұмытпастай есте  қалды. Мына өлеңді Рахым ағама арнап жазып едім.

Астыңда баптап мінген Күрең атың,

Қолыңда күміс қамшы, сері затың.

Соңыңа үш тазы итің ергенінде,

Сән едің  Үрпек тауға жарасатын.

 

Үш тазы аңға салса, бұлтартпайды,

Рақым аға қанжығасы бос қайтпайды.

Аң аулап, аралауды ұнататын.

Тау-тасты, қайың ағаш, қарағайды.

 

Әдейі Ресей барып әкеліп ең,

Тазыны мерейіңді үстем  еткен.

Жүйрік ат, домбыраңмен әнің барда,

Шіркін-ай, жүруші едің серілікпен.

 

Келесің  желе жортып  Күреңменен,

Шабатын талай озып бәйгелерден.

Жасынан таңдап алған сәйгүлікке,

Келіскен күміс ері, жүгенменен.

 

Кіріп кеп домбыраны сұраушы едің,

Таласып әкелуге жараушы едік.

Құйқылжыған домбыраның үніменен,

Мың құбылтып ән салғанды қалаушы едің.

Базарбай БАҒЫС.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар