Ресей күштері Киевті атқылай бастады

Ресей күштері Киевті қайта атқылай бастады. Кеше шаһар шетіндегі мекендерге зымырандармен соққы жасалды. Жақында Ресей Қорғаныс министрлігі Киевті нысанаға алатынын хабарлаған еді. Мәліметке қарағанда Ресей жасақтары соңғы бір тәулікте Украинаның 13 нысанын талқандап, 200-ден астамын істен шығарған.
Харьков облысында 30 поляк жалдамалы жауынгерінің көзі жойылғанын да айтады. Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі: – Киевтің ұлтшыл билігінің Ресей аумағында кез келген лаңкестік және диверсиялық әрекетіне қарай Киевтегі нысандарға зымыранмен соққы беру күшейтіледі. Ресейдің әуе шабуылына қарсы күштері сәуірдің 14-і күні Брянск облысының Климов ауылында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаған украиналық тікұшақты атып түсірді.

Дереккөз :24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар