Пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты: ақмолалықтар үздік атанды

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 200-ге жуық атлет қатысты. Онда Ақмола облысының спортшылары дәр деңгейдегі сегіз медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасында Сара Сейтмулина мен Артем Тарада чемпион атанды. Ересектер арасында Малкова-Солопова Алена, сондай-ақ, жасөспірімдер арасында Кирилл Старостин, Ерлан Игілік және Эльза Голь екінші орын алды. Сонымен бірге, жасөспірімдер арасында Есенгелде Бекзат пен Денис Гурлев қола жүлдеге ие болды.

Балаларды Андрей Шаляпин, Шахризат Жақыпбеков және Евгений Евдокимов жаттықтырады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар