Көкшетауда «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті

Көкшетауда халықаралық ескерткіштер күніне орай, Ақмола облысы мәдениет басқармасының бастамасымен  «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» атты ғылыми тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығы, республикадағы  Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм, Smart Aqmola  басқармалары, өлетанушылар қауымдастығының төрайымы, Ш.Уәлиханов және А.Мырзахметов атындағы университеттерінің ғалымдары, Зеренді ауданы мемлекеттік архив директоры, Жақсы ауданы Запорожье аулының жалпы орта білім беру мектебінің директоры, «Nomad» археологиялық клубының жас мүшелері, қала, аудан, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, музейлер қатысты.

Конференция аясында Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының жанынан ашылған жас археологтар клубына жаңа мүшелер қабылданды. Қатысушыларға бүгінгі таңда ескерткіштерді сақтау және қорғау маңыздылығы түсіндірілді.

Бұдан бөлек, конференция резолюциясы қабылданып, Ақмола облысындағы  тарих және мәдениет, сонымен қатар рухани қасиетті орындарын насихаттау жұмыстарын ілгерілету; туризм арқылы  тарихи мәдени-мұраны дамыту; тарихи-мәдени мұраларды цифрландыру және одан әрі жұмыстарды жалғастыру;  ескерткіштерді насихаттау аясында республикамыздың Тарихи-мәдени мұра орталықтарымен тығыз байланыс орнату, әріптестікті жалғастыру; өлкетанушылар ассоциациясымен бірлесіп өлкетану жұмысын жүргізу; жас археологтар клубының жұмысын жалғастыру, клубқа жаңа мүшелерді қабылдау; Ақмола облысының киелі объектілер тізіміне жаңа объектілер қосу; тәжірибе алмасу  аясында  «Бозоқ» тарихи-мәдени музей қорығына және Түркістан облысына іс-сапармен бару; 2Гис жүйесіне киелі  Ақмола облысының нысандарын қосу; Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен бірлесіп ескерткіштерге  жол салу, логистика және аббаттандыру жұмыстарын жүргізу тәрізді міндеттер белгіленді.

«Әр халықтың құнды дүниесінің бірі, әрі бірегейі – оның мәдени мұрасы. Мыңдаған жылдардың тарихын таңбалап, өткен күннен белгі болып қалған тарихи-мәдени ескерткіштер, жазбалар, кешегі күн – бүгінгі тарихтан қандай да бір сыр шертетін деректер – баға жетпес асыл қазынамыз. Ғасырлар арасын жалғастырып, алтын көпірге айналған мұраларымыз жоқ емес, жетерлік. Кешегі мен бүгінді, бүгін мен болашақты сабақтастырған бұл қазынаның орны қашан да ерекше екені де баршаға аян. Әр мәдениет көрінісінің жарқын келбеті болған мұраларымызды келер ұрпаққа аманаттау – әрқайсымыздың қасиетті борышымыз»,- деп атап өтті конференцияға қатысушылар.

Айта кетсек, бүгін халықаралық ескерткіштермен тарихи орындар күні. Аталмыш мереке 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясымен бекітіліп 1984 жылдан бастап қоғамның назарын дүниежүзілік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне аудару мақсатында аталып келеді. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 аса  мемлекеті бар. Дүниежүзінің тарихи құндылықтары ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Қазақстанда ұлттық құндылық болып табылатын 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш бар.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар